Репертуар: Біз де ғашық болғанбыз
Жанр: драма
Автор: С.Балғабаев
реж: М.Абай-Ділдә
Сұлтанәлі Балғабаев
«Біз де ғашық болғанбыз»
драма
Қоюшы режиссері: М.Абай-Ділдә
Суретшісі: Г.Қанафина
Режиссер ассистенті: Р.Сертбекова
Драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 2 актілі, 4 суретті «Біз де ғашық болғанбыз» драмасы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің жауабы боларлықтай. Пьесасының сюжеттік-композициялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Ер мен әйел арасындағы қайшылықтар, тұрмыстық-әлеуметтік жағдай сөз болады.
Драманың негізгі идеясы – адамның шынайы махаббаты. Тек бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуі тиіс екенін дәріптейді. Оқиға күтпеген кездесу не тағдырдың тосын сыйынан басталып, Дәукен, Сарман, Айжан арасында өрбиді.
Ғашықтық, Махаббат сезімдері адам жанының риясыз, нәзік, асыл қасиеттерінің бірі! Ғашық болып көрмеген жан жоқ болар сірә?... Бас кейіпкерлер Дәукен мен Зияданың қайталанбас ғажайып шынайы сезімдері екі жұптын арасындағы шытырман оқиғаларға толы тағдырларына куәгері бола аласыздар! «Біз де ғашық болғанбыз» драмасы адами құндылықтарға айрықша тоқталып, заманымыздың өзекті отбасы мәселелерін қозғайтын болады..
Премьерасы 19 желтоқсан 2014 жылы өтті
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
07 мамыр 2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
01 мамыр 2023
1 мамыр бірлік күні құтты болсын!
27 сәуір 2023
Музыкалық жас көрермен театрының гастрольдік сапары өз мәресіне жетті
26 сәуір 2023
Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!
20 сәуір 2023
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!
10 сәуір 2023
Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!
07 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.