Репертуар: Шөп қорыған ит
Жанр: музыкалық комедия
Автор: Лопе де Вега
реж: Г.Мирғалиева
ЛОПЕ ДЕ ВЕГА
«ШӨП ҚОРЫҒАН ИТ»
Музыкалық комедия
Аударған Құрманбек Сағындықов
«Өзім алыс сапар шегем,
Жан жүрегім сізбен қалад» («Шөп қорыған ит» үзінді)
«Адам қаншалықты ғашық болса да, өзін одан қатты жақсы көреді» ЛОПЕ ДЕ ВЕГА
Испан драматургі Лопе де Веганың «Шөп қорыған ит» пьесасы оны әлемге әйгілі етті. Сюжеті қызметші жігіт пен графиня арасындағы махаббат теңсіздігі төңірегінде өрбиді. Спектакль махаббат пен тәкаппарлықтың аражігін ажырата алмай әуре болған әйелдің шытырман қызықтарына толы. Түбінде махаббат, адалдық пен батылдық жеңері анық.
Испан драматургы, ақын, прозашы, испаниядағы гуманистік протореализмнің ірі өкілі, У.Шекспирдің замандасы. Лопенің поэзия мен драматургиядағы дарыны жастайынан айқындала бастады. 11 жасынан бастап комедия жазды. 20 жасында кәсіби драматург ретінде танылып үлгерді.
ФЕЛИКС ЛОПЕ ДЕ ВЕГА КАРПИО. Ол 2000-дай пьеса (500-дейі жарияланған), 20-дан астам поэма, лирикалық өлеңдер, романдар, трактаттар жазған. Оның пьесалары – қайта өрлеу дәуіріндегі испан драмасының классикалық үлгісі. Оның есімі барлық жақсылықтың, қуаныштың символы болды. «Шөп қорыған ит» комедиясы 1949 жылы қазақ тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты. 1961 жылы бұл пьеса Қазақ академиялық драма театрында «Қызғаныштан махаббат» деген атпен қойылды. Бұдан басқа оның «Би мұғалімі», «Фуэнте Овехуна», «Севиль жұлдызы» сынды танымал шығармалары бар.
Қоюшы режиссері: Гульсина Мерғалиева
Қоюшы суретшісі: Мира Тоқсанбаева
Костюм суретшілері: Мира Токсанбаева, Мадина Қосмағанбетова
Сахна қозғалысы: Гюльнара Зиятова
Хореограф: Серік Сариев
Жаңа әндер авторы: Елдар Әбіш
Ән мәтіндерінің авторлары: Нұржан Қасымов, Елдар Әбіш
Әндердің аранжировкасын жасаған: Асхат Иманғазы
Режиссердің ассистенті: Еркебұлан Бекен
Спектакльде Сальвадор Дали шығармашылығынан фрагменттер қолданылды.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Премьерасы: 13 қараша 2020 жыл
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
31 мамыр 2023
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси куғын-сүргін құрбандардын еске алу күні.
20 мамыр 2023
Мұрат Қожаның концерті өтті
19 мамыр 2023
Театрымыздың бірқатар азаматтары мен азаматшалары марапатталды
17 мамыр 2023
“Сүйем сені, Театрым!” атты мерекелік концерті өткізілді.
17 мамыр 2023
«Жантөринше Жаңғыру!» атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті
16 мамыр 2023
Театрдың 20 жылдығына еліміздің әр облысынан қонақтар ұшып келді
12 мамыр 2023
Х.Бөкеева атындағы Орал театры Ақтауда!