Репертуар: Алғашқы махаббат
Жанр: комедия
Автор: Қ.Жүнісов
реж: Г.Мирғалиева
Мектеп кезеңі - ең ғажап балғын шақ. Алғашқы ғашықтық сезімі де мектеп қабырғасында жүргенде оянады. Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты комедиясы бізді партада отырған албырт шаққа, 11 сыныптағы қобалжу, алғашқы вальс, сол кезде бастан кешкен мұңаю мен қамығу, естен кетпес нәзік сезімге қайта оралтады. Махаббат дертіне шалдыққан жас жанның қуанышы мен шаттығы, мұңы мен сыры. Көкірекке ерекше нұр сыйлайтын құштарлық, ізгі сезім. Бозбаланың ғашық жүрегіне жыр болып құйылған қызықты да құпиялы махаббаттың таусылмас сырлы шежіресі күлкіге үйірер шытырман оқиғаға ұласады.
Пәк сезімді, мектеп өміріндегі риясыз махаббатты оятатын ғаламат күшті суреттейтін күлкілі жағдайлар мен жеңіл әзілге құрылған қойылым оқиғасы сол бір балауса шақты еске түсірері сөзсіз. Өмір мәңгі емес, тек алғашқы сезім, алғашқы махаббат қана адам жүрегінде мәңгі жасайды.
Режиссері - Г.Мирғалиева
Қоюшы суретшісі – Т.Мамаев
Костюм суретшісі: Н.Қаниев
Билерді қойған: Н.Сагайдачная, Ә.Құдайбергенова
Режиссердің ассистенті: А.Абенова
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
31 мамыр 2023
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси куғын-сүргін құрбандардын еске алу күні.
20 мамыр 2023
Мұрат Қожаның концерті өтті
19 мамыр 2023
Театрымыздың бірқатар азаматтары мен азаматшалары марапатталды
17 мамыр 2023
“Сүйем сені, Театрым!” атты мерекелік концерті өткізілді.
17 мамыр 2023
«Жантөринше Жаңғыру!» атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті
16 мамыр 2023
Театрдың 20 жылдығына еліміздің әр облысынан қонақтар ұшып келді
12 мамыр 2023
Х.Бөкеева атындағы Орал театры Ақтауда!