Репертуар: Қорғансыздың күні

Жанр: драма

Автор: М.Әуезов

реж: Г.Мирғалиева

Мұхтар Әуезов

«Қорғансыздың күні»

М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім» және «Кім кінәлі?» әңгімелерінің желісімен

Драма

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналады

 

  Бұлардың басынан тағдыр дауылы жаңада ғана соғып өткен.

Мұхтар Әуезов

 Бұл қойылым кішкентай адам тағдыры, оның ішкі жалғыздығы мен трагедиясы туралы. Мұнда жетімдік тақырыбы бар қасіретімен ашылып көрсетіледі.

  Жетім балаға рақымсыздық жасаған тас бауыр жауыз адамдардың пасық әрекеттерін, азап шеккен қарапайым, дәрменсіз жанның панасыз, аянышты халін, қыршыннан қиылған бейкүнә, таза жүректі жас қыз бен баланың қайғылы өлімге ұшырағанын көресіз.

  Азған озбырлықты бақыт, жан рахаты деп түсінген тас жүрек адамдардың жауыздығы алдында ары тапталып, шарасыз болса да жанын пәк қалпында сақтаған Ғазиза, Қасым, Көркемнің өмірге дәрменсіздігін, қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын көріп, жан жүрегіңмен аяйсың.

  Қойылымда зұлымдықтың қанды құрсауының тұтқыны болған, қайғы мен қасіреттің ауыр жүгін арқалай алмай қиылған бейкүнә, пәк жандардың зарлы, мұңды тағдырлары көз алдыңызға келеді.

  Бүгінгі күнде де бар қорғансыздар жайы көрерменді бала жанының ізгілік әлеміне жетелеп, өзіндік ой түюіне мүмкіндік береді. 

 

Инсценировка авторы және қоюшы-режиссері – Гүлсина Мирғалиева

Суретшісі – Талғат Мамаев

Костюм суретшісі – Мадина Қосмағанбетова

Режиссер ассистенті – Әлия Исаева

Жарық суретшісі – Назым Утесинова

Музыкамен көркемдеген – Қайрат Ақтаев

 

Рольдер мен орындаушылар:

Көркем – Жаннұр Абаева, Айгерім Смағұл, Гүлзат Рысқали

Ісләм – Бекнұр Бекимов

Жағыпар – Рысқұл Жанғазы

Ысмайыл, әкесі – Мұрат Қожа, Бағлан Игдирбай

Қалиман, шешесі – Раиса Сертбекова

Айша, жеңгесі – Лашын Жұмақан

Жақып – Нұрсұлтан Жексембаев, Нұрлыбек Жұмабаев

Сүлеймен – Мерей Жолдыбаев

Әжесі – Сәуле Бағланбаева

Ғазиза – Айдана Жантақбаева, Мерей Әзімтай

Әжесі – Анар Бейсенбина

Анасы – Алия Бисенбиева, Жазира Жексембаева

Ақан – Абзал Ратбек, Азамат Жарылқасын

Қалтай – Ақылбек Мысабаев

Қасым – Нұржан Қасымов, Тастайбек Нұралин, Қыдырәлі Оразбай

Иса – Қайрат Еркебаев

Қадиша – Гүлжан Абдуллаева

Әже – Майра Бақбердиева

Күшікбай батыр – Рысқұл Жанғазы

Жылқы – Бекнұр Бекимов, Қыдырәлі Оразбай  

 

 «Кім кінәлі?» әңгімесінің басты кейіпкері Ғазиза спектакльде Көркем  есіміне ауыстырылды

 

Қойылым ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас ерекшелігі – 14+

Премьерасы  21 желтоқсан 2022 жыл 





Ант

Ант

(драма)

Автор: Н.Мұханов, С.Назарбек

Реж: Г. Мирғалиева

Адам болып өтейін

Адам болып өтейін

(драма)

Автор: С.Жүсіп

Реж: Хусейн Әмір-Темір 

Қос жебе

Қос жебе

(сага)

Автор: А. Володин

реж: Г.Мирғалиева

Көршілер

Көршілер

(комедия)

Автор: Г. Хугаев

Реж: О.А.Саресенбек 

Перзентхана

Перзентхана

(драма)

Автор: С. Құдайберген

Реж: Г. Мирғалиева

Айлакер Ару

Айлакер Ару

(музыкалық комедия)

Автор: Ф. Эрве

Реж: Г.Мерғалиева 

Күтпеген махаббат

Күтпеген махаббат

(комедиялық мелодрама)

Автор: Н. Птушкина

реж: Г.Мирғалиева

Іздедім сені

Іздедім сені

(психологиялық драма)

Автор: М.Байджиев

реж: Г.Мирғалиева

Бір түп алма ағашы

Бір түп алма ағашы

(драма)

Автор: Ә. Оразбеков

Реж: М.Ахманов 

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>