Репертуар: Диоген мен Ескендір
Жанр: әфсана
Автор: Иран-Ғайып
реж: Г.Мирғалиева
Иран Ғайып
«Диоген мен Ескендір»
әфсана
Гректің ұлы философы Диогеннің атағы данышпандығына қоса бөшкеде тұратындығымен шыққан. Өйткені ол адам үшін осының өзі жеткілікті деп санап, барынша тақуалықты уағыздаған.
Пьесада өзінің жеңімпаздығымен, сардарлық талантымен әйгілі бола тұра даналықты, абыз адамдардың ойларын бағалай білген даңқты қолбасшы Александр Македонскийдің ұлы философпен тарихи кездесуі баяндалады.
Грекияны жаулап алған сапарында жеңімпаз қолбасшы əңгімелесу үшін Диогенді іздеп келеді.
Бөшкеде тұрып жатқан тұл кедей Диогеннің атақ-даңқы жарты əлемді жаулап алған ұлы патша Александр Македонскийдің атақ-даңқына қалайша тең келмек деген көкейін тескен сауалдың жауабын білмекші...
Қарапайым пенде қалайша қаһарлы патша секілді даңқты? Неліктен оны бүкіл ел біледі? Алтын сарайда отырған патша тұрғанда жұрттың қайдағы бір кедейдің бөшкесіне тәу ететіні несі?.. Арасы аспан мен жердей бұлардың даңқы неге бірдей?!
Заманында Александр Македонскийге байыз тапқызбаған бұл сұрақтардың жауабын біздің спектаклімізден табасыздар...
Қоюшы режиссері – Г.Мерғалиева
Қоюшы суретшісі – Т.Мамаев
Костюм суретшісі – Г.Зиятова
Қойылым ұзақтығы – 1 сағат
Премьерасы – 2018 жылы 4 қарашада өтті
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
07 мамыр 2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
01 мамыр 2023
1 мамыр бірлік күні құтты болсын!
27 сәуір 2023
Музыкалық жас көрермен театрының гастрольдік сапары өз мәресіне жетті
26 сәуір 2023
Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!
20 сәуір 2023
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!
10 сәуір 2023
Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!
07 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.