Репертуар: Бір түп алма ағашы
Жанр: драма
Автор: Ә. Оразбеков
Реж: М.Ахманов
Әлімбек Оразбеков
«Бір түп алма ағашы»
(драма)
Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы көрерменге туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді. Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көрерменнің туған елі ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді. Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келген үлкен ұл, тұрмыстағы қыздар мен күйеу балалар – сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма, жан дүниенің таза болуына үндейді.
Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды. Мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде ғана қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта да сынады, алып ағаш та құлайды. Адам да солай... Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?! «Өмір... Өмір... Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек. Адамдар ер жетіп, шаңырақ көтеріп, бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсініп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды? Әлде, бұл – табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!.»
Қоюшы режиссер: Мұрат Ноянбайұлы Ахманов,
ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы суретші: Гүлнар Қанафина
ҚР мәдениет қайраткері
Жанры: драма
Рөлдерде:
Дәметкен – Сәуле Бағланбаева, Анар Бейсенбина
Мақсат – Ақылбек Мысабаев
Ерғали – Медғат Өмірәлиев
Әлия – Эльмира Керімбаева
Ләйлә – Айдана Жантақбаева
Тұрсын – Рамазан Ақтаев
Зарқынбек – Айдос Тастаев, Сүндет Сәрсен
Көрші әйел – Гүлзамира Абдуллина
Қойылым ұзақтығы: 1сағат 30 минут
Премьерасы: 2005 жыл 16 наурыз
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
31 мамыр 2023
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси куғын-сүргін құрбандардын еске алу күні.
20 мамыр 2023
Мұрат Қожаның концерті өтті
19 мамыр 2023
Театрымыздың бірқатар азаматтары мен азаматшалары марапатталды
17 мамыр 2023
“Сүйем сені, Театрым!” атты мерекелік концерті өткізілді.
17 мамыр 2023
«Жантөринше Жаңғыру!» атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті
16 мамыр 2023
Театрдың 20 жылдығына еліміздің әр облысынан қонақтар ұшып келді
12 мамыр 2023
Х.Бөкеева атындағы Орал театры Ақтауда!