Премьера! «Ábish Álemi» I Халықаралық театр фестивалі қарсаңында дүниеге келген қос қойылым
Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерей тойының құрметіне «Ábish Álemi» I Халықаралық театр фестивалі қарсаңында дүниеге келген
"КҮЙ"
(Әбіш Кекілбаевтың "Күй" повесінің желісімен, "Аңыздың ақыры" романының сюжетіне шендестіріле отырып жасалған) спектаклінің қадірменді қонағы болуға шақырамыз!
Болатын күні: 11.10.2019ж
Басталатын уақыты: 11:00
Өтетін жері: Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
КІРУ ТЕГІН
Назарларыңызға ұсынылған қойылым инсценировкасы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының желісі мен «Күй» повесінің негізіне сүйене отырып жасалған. Ұлы мәртебелі өнердің адам санасын оята алатын құдіреті, оның көзқарасын өзгерте алатын күш-қуаты ашылады. Оқиға ықылым замандардан көршілес екі ел арасындағы өзара өшпенділік, дау мен кекшілікті баяндайтын аңыз аясында өрбиді. Жауласқан екі елдің билеушілері Жөнейіт пен Дүйімқара батырлардың зорлық-зомбылығы дәуірлеген заманда қатігездіктің қара тасын жарып шыққан өнер гүлдерінің сұлулығы мен сыршылдығы, нәзіктігі мен өміршеңдігі, мейірімділігі мен қайсарлығы жан-жүректі еріксіз баурап, адамгершілікті әлемге жол нұсқайды...
Инсценировкасын жасаған: Г.Б.Мерғалиева @gulsina_mirg, Э.Керімбаева @elmira_kerimbay_
Қоюшы режиссері: Г.Б.Мерғалиева
Қоюшы суретшісі: Н.Қаниев
Режиссердің ассистенттері: Э.Керімбаева, А.Жантақбаева @aidon90_90
Сахна қозғалысы: Г.Зиятова @gyul_ziyatova
--------
Рольдер мен орындаушылар:
Құрбан шал – Жантілеу Бахтияров @zhantileu_bolat
Бала Құрбан – Нұржан Қасымов @nurzhan_kassymm
Күйші - Нұрсұлтан Жексенбаев @nursultanzhazira_official
Дәулет – Ислам Есжан @islam_yeszhan
Дүйімқара – Айбек Иманқұлов @aybek_imankulov
Жөнейіт – Кенжебек Башаров @kenzhebekbasharov
Жөнейіттің бәйбішесі – Эльмира Керімбаева @elmira_kerimbay_
Көкбөрі – Сүндет Сәрсен @sundet_85
Аннадүрді – Нұржан Мұсаев @musaevnurzhan, Медғат Өміралиев @medgat81
Шебер – Наурызбек Құдайбергенов @nauryzbek.qudaibergen, Еркебұлан Бекен @akter_erke88
Үлкен ханым – Майра Бақбердиева @maira.aman, Қалима Наушабаева @k_a_m_o_sh
Кіші ханым – Әлия Бисенбиева, Әйгерім Зейнелова @a_zeinelova
Әмір Темір – Рамазан Ақтаев @ramazananar_77
Мәмбетпана тұқымы – Қайрат Еркебай @kairat_erkebaev
Үш қатын - Сағдат Сейтқожаева @birgalikyzy, Қалима Наушабаева, Ғалия Тілеген @galyatilegen
Көпшілік сахнасында - Театр әртістері @zhansayaabbass @___molli___molli және т.б.
*
Онымен қоса, арнайы I Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестиваліне бағдарламадан тыс сахналанатын «БІР ШӨКІМ БҰЛТ» моноспекталіне шақырамыз
Өтетін күні: 12 қазан
Уақыты: 11:00
Болатын жері: Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры
КІРУ ТЕГІН
Қойылым оқиғасы соғыс жылдарындағы ауылдағы оқиғалар төңірегінде өрбиді. Бір шөкім бұлттай шағын отбасының басында болған қабырға қайыстырар трагедиялық өткір драмалық шиеленіске толы өмір эпизодтары, сол кездегі баршаны шарпыған, баршаның басындағы ащы шындық екенін көрсету. Орталық кейіпкер Аққаймақтың ішкі жан-дүниесі, мінездік сипаты, бітім-тұлғасы мүсінделеді. Қатігез өмірдің қатал тағдырына бас имеген өршіл мінезді, өмірге ғашық әйел бейнеленеді.
Инсценировкасын жасаған: А.Абенова
Қоюшы режиссері: Г.Б.Мерғалиева @gulsina_mirg
Қоюшы суретшісі: Т.Мамаев @mamaev.talgat
Костюм суретшісі: М.Токсанбаева
Музыкамен көркемдеген: А.Әшірбаев
Режиссердің ассистенті: Р.Сертбекова @raisa_actress
Аққаймақ - ҚР Мәдениет саласының үздігі Айнұр Абенова
Оқылған саны: 17012
26 сәуір 2023
Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!
20 сәуір 2023
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!
10 сәуір 2023
Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!
7 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.
6 сәуір 2023
Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында
2 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі
12 қазан 2021
Құттықтаймыз!
9 қыркүйек 2021
XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ
9 сәуір 2021
Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"
9 сәуір 2021
Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.
3 сәуір 2021
Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.
21 наурыз 2021
Бүгін біздің туған күн!
18 наурыз 2021
"Кел, балалар, ойнайық!"
15 наурыз 2021
Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!
12 наурыз 2021
"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.
8 наурыз 2021
3 наурыз 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.
2 наурыз 2021
ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/
22 ақпан 2021
Архитектуралық өзгерістер жоспары
15 ақпан 2021
М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.
7 ақпан 2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!
28 қаңтар 2021
Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.
28 қаңтар 2021
"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.
22 қаңтар 2021
ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн