Нұр-Сұлтан. «Музыкалық жас көрермен театрының» салтанатты ашылуы өтті.

Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» салтанатты ашылуы өтті. Театрдың алғашқы маусымы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтың «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен шымылдығын түрді.
Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының ұжымы атынан театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы осынау айтулы шараның куәсі болып, театрдың ашылуына қатысқан болатын.
Қазақстан театрларының қатарына қосылған жаңа театрдың ашылуымен театр директоры Маемиров Асхат Мақсымұлын және театр ұжымын шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге шығармашылық толағай табыстар тілейміз! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 13361



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>