Құттықтаймыз!

Түркиядағы Анатолияның 7-ші Халықаралық театр сыйлығының қазылар алқасы отандық және шетелдік театр қозғалыстарын саралап, 2019-2020 жылдар аралығында театр өнерін байытқан, насихаттаған және белсенді басқарған театр қайраткерлерінің еңбектерін бағалады.

      ТЮРКСОЙ - Түркі Мәдениетінің Халықаралық Ұйымы, Анатолияның 7-ші Халықаралық театр сыйлығының қазылар алқасы Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызын театр саласындағы режиссерлік қызметін өте табысты деп танып, «Халықаралық театр сыйлығымен» марапаттады. Сыйлықтың Қазақстанның өнер иесіне берілуі – сыйлық тарихындағы алғашқысы болып табылады. Сондықтан Гүлсина Бақытжанқызын тұңғыш «Халықаралық театр сыйлығының» иегері болуымен шын жүректен құттықтаймыз!   

      Марапаттау рәсімі Стамбулда, Су Гестери Санатлары Сахнесиде 2021 жылдың 11 қазанында өтті. Аталған сыйлықтар Түркияның 27 қаласынан және 10 шет елден театр өнеріне үлес қосқан адамдарға, мекемелер мен ұйымдарға тапсырылды. 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 2592



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>