Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік ынтымақтастықпен қатар мәдени байланыстар да күннен күнге өрістей түсуде.Оған біздің театрымыз да өз үлесін қосуда.Мәселен соңғы жылдары театрымыз Түркияның Ізмір, Трабзон қаласындағы халықаралық театр фестивалдеріне қатысып, сахна сайысында шеберлігін шыңдап, арнайы дипломдармен марапатталды.Өткен жылы Стамбулдың атақты Мемлекеттік театры Ә. Кекілбаевтың сексен жылдығына арналған "ӘБІШ ӘЛЕМІ" І Халықаралық театр фестиваліне қатысып,жоғары өнер үлгісін көрсетті.
Ал бүгін Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.Ол театрдың жақында тағайындалған басшысы Гүлсина Бақытжанқызын жаңа лауазымымен құттықтап, табыс тіледі.
Өзара әңгімеде Жантөрин театры мен түрік театрлары арасындағы кәсіби- шығармашылық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 4144



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>