Рамазан Ақтаев - «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»

«Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» номинациясымен марапатталған театрымызға ерең еңбегі сіңген, белді, атақты актері РАМАЗАН АҚТАЕВТЫ шын жүректен театр ұжымының атынан құттықтаймыз.

Жеңістеріңіз көп және жемісті болғай. «Жыл адамы» іс-шарасы осымен Ақтау қаласында 13-ші рет өткізіліп отыр.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған айтулы шара Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткен болатын.

Сонымен қатар, байқаудың жүлдегері арасында журналистер, кәсіпкерлер мен шаруалар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен спортшылар да бар...

Өткен жылы секілді бұл жолы да өз саласының жілігін шағып майын ішкен мықтылар іріктеліпті. Осындай ерекше сыйлық иегерінің бірі-мәдениет саласының қызметкері, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрымыздың актері - Рамазан Ақтаев болды.

Құтты болсын! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 16433



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>