Ел газеті «Egemen Qazastanga» 100 жыл толды. Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Маңдайлы Қосымбай марапатталды.

«1919 жылдың 17 желтоқсанында «Ұшқын» деген атаумен шыққан кезінен бастап, содан кейінгі жылдардағы «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Егемен Қазақстанға» дейінгі атауы өзгеріп отырған бүгінде, жарық көргеніне 100 жыл толып отырған «Egemen Qazaqstan» газеті алғашқы саны шыққан күннен бастап қазақ тілінің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Ендеше, біріншіден «Егемен Қазақстанды» 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Екіншіден, қырық жылдық журналистік қызметте оның тоғыз жылын атаулы газетте еңбек еткен біздің театрымыздың Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Маңдайлы Қосымбай «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Театр ұжымы атынан құттықтаймыз!

Тағдырдың тартуы , бөлісер сыйыңыз бен белестеріңіз көп болғай. 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 16135



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>