Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі

                                                                      

Осы атаумен Абай мәдени-демалыс кешенінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен мәдениет және өнер майталмандарымен кеңес өтті. Оған басқарма басшылары, депутаттар, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық мәдениет бөлімдерінің басшылары, мәдениет саласының ардагерлері, аймақтың өнер мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Келелі кеңесте Рухани жаңғыру бойынша аймағымызда атқарылған жұмыстардың орындалысы айтылып, алдағы міндеттер айқындалды.

— Мәдениет саласының жұмыстары сахнадан гүл берумен не концерт қоюмен шектелмейді ғой. «Рухани жаңғыруға» байланысты алда қаншама мәселе тұр. Бір ғана археологияның айналасында қаншама сұрақтар жатыр? Жақында 32 мемлекеттің туризмге қатысты сұрақтарын қарастырдық. Көпшілік біздің тарихымызды, күн астындағы музейімізді, Шерқаламыз бен Бозжырамызды, Кетікқаламыз бен Қызылқаламызды іздейді, оған таңданыспен қарайды. Өткенде 7 мемлекеттен 250 адам келіп, өлкемізді 10 күн аралады. Біреуі де теңізге барған жоқ. Он күн біздің далада болды. Соның бәрін қайтадан ескеруіміз керек, ойлануымыз керек. Халыққа жер асты мешіттерімізді, киелі Маңғыстауымызды көрсетуіміз керек. Мемлекет басшысы атап көрсеткен қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі: Ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасына енген облыстық тарихи өлкетану музейінің мамандары ұсынған заманауи этноауыл жобасын жасақтау бойынша Тамара Жұмалиева, Өңірдің дәстүрлі музыкалық мектебін насихаттап, рухани мұрасын дәріптеу үшін жасақталатын электрондық сайт жобасы бойынша өлкетанушы Сұлтанбек Құдайберген, Өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеу, сақтау және насихаттау шаралары бойынша Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорның орынбасары Марат Өтесінов, 2003 жылы Елбасының тапсырмасымен арнайы ашылған Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының өзекті мәселері туралы театр директоры Нұрнияз Мұқанұлы баяндама жасады. 

Басқосуда өңірдегі мәдениет өнер саласының көптеген өзекті мәселері талқыланып, ұсыныстар берілді.

— Серікбол Қондыбай 36 жыл ғұмыр кешіп, оның 9 жылын мүгедек арбасында өткізді. Сол аралықта ол 16 еңбек жазып, халық құндылықтарын зерттеуге сүбелі үлес қосқан азамат. Келесі жылы Серікболдың туғанына 50 жыл толады.  Осы атаулы мерекенің аясында халықаралық конференция өткізуге өзіңіз мұрындық болсаңыз. Оны «Көрнекті тұлға», «Аққан жұлдыз», «Қазақ мифологиясының негізін салушы ғалым» деп әр адам өз пікірін білдіріп жатыр. Міне, осыған орай қазақ мифологиясы туралы эниклопедиялық жинақ шығаруды қолға алсақ дейміз. Себебі бұған сұраныс білдірушілер саны өте көп. Сонымен қатар, Серікболдың  өзі балаларды түркітануға, тіл танып, аударма жасауға баулитын жаңа бағыттағы мектеп жасауды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс барлық конференцияда айтылып келеді, дегенмен әзірге іске асып жатқан жоқ. Осы мәселе ойда болса деймін, — деді өлкетанушының әпкесі Балсұлу Қондыбай. Сонымен қатар, Серікбол Қондыбай атындағы орта мектептегі мұражайды кеңейту жайлы да ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде облыс басшысы бұл мәселелер қарастырылып, жүзеге асуына ықпал ететіндігін  жеткізді.

Жиын соңында өңір басышысы Астанада өткен Маңғыстаудың мәдениет күндерінің жоғары деңгейінде өтуіне ерекше үлес қосқан мәдениет саласының бірқатар азаматтарын Алғыс хатпен марапаттады. 

   

Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12
>