МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ
Медғат – талантты жас. Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының іргетасын қалаушылардың бірі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Еңлікгүл-2016» кәсіби сыйлықтың «Жылдың ең үздік актері» аталымы бойынша иегері, талантты театр және кино актері Медғат Өмірәлиев қазақстандық кинорежиссер Мұрат Бидосовтың «Тар заман» атты фильміне түсті. Алашорданың 100 жылдығына арналған кинокартинада ол Әлихан Бөкейханның бейнесін сомдады.
Фильм ұлттық мемлекет құрамыз деп, өз уақытынан оза шапқан тұлғаларға арналады. Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірінен құрылады. Басты кейіпкердің бірі Әлихан Бөкейханның тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеледі. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шешімдермен өріледі. Алашорда үкіметін құру жолында күрескен Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақасов сынды тұлғалардың да көркем образдары көрініс табады. Алашорда үкіметін құру барысындағы тартысты пікірлер мен екі топқа бөлінген алаш зиялылары арасындағы саяси қарым-қатынас, сатқындық, мүдделер қақтығысы да көрсетіледі. Омбы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыртуы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады. Әлиханның алаш жұрты ұстануға тиісті бес ұстанымы төңірегіндегі аманат ойларымен түйінделеді, дейді ұйымдастырушылар. 12 бөлімнен тұратын телехикая Алматы облысы, Жамбыл облысы, Павлодар қаласында екі жарым ай түсірілді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының арнайы жобасы болып табылатын «Тар заман» телехикаясының толықметраждық нұсқасы биыл 23 ақпан күні Қазақстанның барлық кинотеатрларынан қалың көрермен назарына ұсынылған болатын. Алдағы уақытта телехикая «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қорына еніп, қазақстандық көрермендерге көрсетіледі деп жоспарлануда. – Тарихи туынды түсірілмей тұрып мен өзіміздің Н.Жантөрин театрының сахнасында ұлт көсемі Әлихан бастаған алаш зиялыларының асқақ рухтарына және Алашорданың 100 жылдығына арналған Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» атты спектаклінде Әлихан Бөкейханның бейнесін сомдаған болатынмын. Сондықтан болар, режиссер Әлихан Бөкейханның рөлін маған беруді ұйғарды. Бұл туынды халықтың көңілінен шығады деген үміттеміз, – дейді М.Өмірәлиев. Ал, кинорежиссер Мұрат Бидосов болса, «Мен осыдан екі жыл бұрын «Ақылдың кілті, Өмірдастан» атты тарихи телесериалды түсірген кезде Медғаттың актерлік шеберлігімен бірге физикалық тұрғыдағы ширақтығына көз жеткіздім. Түсірілім барысында өзіне жүктелген міндетке аса жауапкершілікпен қарап, образды жан-жақты әрі шынайы ойнауға барын салатын. Сол кезде өзінің алдындағы аға буын актерлермен, ізін басып келе жатқан інілерімен түсірілім барысында рөлді жоғары деңгейде орындауға бәсекелесіп, ашық-жарқын мінезімен де көзімізге түсті. Жалпы, актердің сыртқы фактурасымен бірге ішкі жан дүниесі, ой-өресі тең болмаса қос қанатын кеңге жайып, алысқа самғай алуы екіталай. Бұл тұрғыдан Медғаттың қос қанаты тең деп айтар едім. Актердің осындай сергектігі, тереңдігі, жұмысқа деген жауапкершілігі кез келген режиссерге жақсы әсер қалдыратыны анық», дейді актер туралы. Бұған дейін «Кәусар», «Күләш», «Қыз жолы», «Өгей жүрек», «Ақылдың кілті-2» «Балуан Шолақ» сынды 10-ға жуық отандық фильмдерге түсіп үлгерген М.Өмірәлиевтің театр және кино әлемінде алар асуы биік деп есептейміз.
Альфия ҚАЗАҚБАЙ,
Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі
Маңғыстау облысы
Толығырақ: https://egemen.kz/article/165590-mereyi-biik-medghat
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде
қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!
9 қараша 2017
Жаңа қойылымды сахналау үшін Ақтауға Теменов келді
4 қазан 2017
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV маусымының шымылдығы «АНТ» спектаклімен ашылды.
29 қыркүйек 2017
Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі
29 қыркүйек 2017
Каспий жағалауы елдерінің бірінші халықаралық театр фестивалі
29 қыркүйек 2017
Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті
29 қыркүйек 2017
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды
23 ақпан 2017
Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ
6 мамыр 2016
Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы
5 мамыр 2016
Медғат Өмірәлиев
20 сәуір 2016
МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»
6 сәуір 2016
Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер
5 сәуір 2016
Сахна сәні – Бану Манкеева
18 қараша 2015
До свидания, фестиваль, до новых встреч!
26 ақпан 2013
«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
18 қыркүйек 2025
III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі
15 қыркүйек 2025
ІІІ-ші Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалінің үздіктерін анықтайтын, түркі елдерінің кәсіби мамандарынан құралған беделді қазылар алқасы
14 қыркүйек 2025
ZHANTURIN TALKS
10 қыркүйек 2025
«Зулейха» спектаклі Ақтау қаласында!
10 қыркүйек 2025
ПРЕМЬЕРА! Б. Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша «ТОЙ»
06 қыркүйек 2025
Ахмет Байтұрсынұлы 153 жыл
04 қыркүйек 2025
Каспий жағалауында III-ші Халыкаралык ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді!
