"Алғашқы махаббат" премьерасы

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында 30-31 наурызда Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты комедиясының тұсауы кесілді. Спетакльге ұжым бір жарым ай көлемінде дайындалған. Енді бұл театр репертуарына қосылды. Қойылым 11-сынып оқушыларының мектеп өміріндегі алаңсыз сәттері мен балауса сезімін бейнеледі. Бозбала жаңадан келген сынып жетекшісіне ғашық болып қалып, сезімнің сергелдеңіне түседі.

Спектакльде оқушы Қанат образын Нұрлыбек Жұмабаев, ал ұстаздың рөлін Сағадат Сейтқожа сомдады. Қанаттың Қайыржан есімді досының кейпін Нұрболат Рахатов мінсіз атқарып шықты. Сондай-ақ қойылым ұтымды әзілімен езуіңізге күлкі ұялатып әп сәтте жаныңызды баурап алады. Аға буын партада отырған аяулы шақтарына сапар шексе, ал бұл кезеңді басынан өткеріп жатқан мектеп оқушыларына тіптен қызықты шығар.
«Алғашқы махаббат» — комедия жанрындағы нәзік пәк сезімді суреттейтін қойылым. Жастарға арналған ән-бимен ерекшеленеді. Сондай-ақ театрда наурыз айында жастар жылына арналған 6 прьемера өткізгенбіз», — дейді спектакльдің қоюшы режиссері Гүлсина Мерғалиева. Спектакльдің қоюшы суретшісі – Талғат Мамаев болса, костюм суретшісі – Нысан Қаниев. «Бейбіт Қазақстандағы қайғысыз, қиындықсыз өмір сүріп жатқан жастардың тіршілігін көрсеттік. «Алғашқы махаббат» қойылымын көруге 250-ден астам көрермен келді», — деп атап өтті театр директоры Нұрнияз Мұқанов. Бұл премьераның сәтті өткенін демін ішіне тартып отырып, 1 сағат 10 минут бойы қыбыр етпестен тамашалаған көрерменнің қойылым аяқталғанда тікесінен тік тұрып, толассыз жаудырған шапалағынан да аңғаруға болады. «Өзім 7-сыныпта оқимын. Қарақия ауданынан Ақтауға қыдырып келдім. Демалысымды тиімді өткізейін деп арнайы осы спектакльді көру үшін туысқаныммен бірге келгенмін. Маған ұнады. Алған жағымды әсерімді сыныптастарыма айтпақпын. Барша көрерменге қойылымды тамашалауға кеңес беремін», — дейді Нұргүл Реш. Ақкенже БЕРКЕНОВА


Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

23 ақпан 2017

Әлихан Бөкейханов туралы 25 жылда бiр пьеса жазылған жоқ

6 мамыр 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мамыр 2016

Медғат Өмірәлиев

20 сәуір 2016

МАЙРА БАҚБЕРДИЕВА: «МЕН КӨБІНЕ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАЙМЫН»

6 сәуір 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 сәуір 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 қараша 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 ақпан 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>