Репертуар: Хан кегі

Жанр: поэтикалық драма

Автор: Светқали Нұржан

реж: Г.Мирғалиева

«Хан кегі» - бізге дейінгілер жазып кеткен тарихта шындық деп таңбаланғанның бәрін ақиқат деп қабылдай аламыз ба деген сұрақтың жауабын тарқатуға ұмтылыс жасалатын поэтикалық драма.Ақиқатты іздеуді қазақтың елдігіне ниеті теріс, пиғылы жаттардың мынау тарихың деп қалдырған қитұрқы жазбаларынан емес, сол дәуір тұлғаларының мақсат- мұратын, адамгершілік болмыстарын ашатын нақты амал-әрекеттерден өрбітеді. Халқымды қайткенде жалмауыз кейіпті замананың жұтқынынан аман алып қаламын деп шарқ ұрған Әбілқайыр хан қапияда опасыздық пен аярлықтың құрбаны болды .Тақ төңірегіндегілердің ханға қастандықтың халыққа сатқындық екенін ұғып, ұлысты ұйытып, құныкерін ел алдында тізерлетуге дәті жоқ...Орданың еңсесін түсірмей тіреп тұрған Әбілқайырдың тар төсекте сырласы, ел қамында мұңдасы, басына басы тең жолдасы Бопай ханымның ақыл –парасты мен досты мерейлендіріп, дұшпанды иментетін айбыны ғана.Арыдан ойлайтын асыл текті Бопай хан кегінің жоқтаусыз кетуі әулет үшін ғана емес қабырғалы халқы үшін арға сын, елдіктің болашағына шабылған балта екенін болжаулы.Сөйтіп Маңғыстауды кеңінен жайлаған төркін жұртына хабар салулы. Онсыз да елеңдесіп жүрген қалың адайдың билері байламын айтып, Шотан, Қонай, Арғынбай, Айбас батырлары атқа қонулы ...Ханның басын қара алмайтын елдіктің салтын бұзбай, қан төгіп, бас жармай- ақ, ел алды түгілі жарық дүниеге көріне алмайтындай етіп қалың қазақтың ақ киізге көтеріп сайлаған қалаулы ханының кегін қайтарулы!

Қоюшы режиссері: Г.Мерғалиева

Суретшісі: Г.Қанафина 

Премьерасы 6 наурыз 2018 жылы өтті  





Ант

Ант

(драма)

Автор: Н.Мұханов, С.Назарбек

Реж: Г. Мирғалиева

Адам болып өтейін

Адам болып өтейін

(драма)

Автор: С.Жүсіп

Реж: Хусейн Әмір-Темір 

Қос жебе

Қос жебе

(сага)

Автор: А. Володин

реж: Г.Мирғалиева

Көршілер

Көршілер

(комедия)

Автор: Г. Хугаев

Реж: О.А.Саресенбек 

Перзентхана

Перзентхана

(драма)

Автор: С. Құдайберген

Реж: Г. Мирғалиева

Айлакер Ару

Айлакер Ару

(музыкалық комедия)

Автор: Ф. Эрве

Реж: Г.Мерғалиева 

Күтпеген махаббат

Күтпеген махаббат

(комедиялық мелодрама)

Автор: Н. Птушкина

реж: Г.Мирғалиева

Іздедім сені

Іздедім сені

(психологиялық драма)

Автор: М.Байджиев

реж: Г.Мирғалиева

Бір түп алма ағашы

Бір түп алма ағашы

(драма)

Автор: Ә. Оразбеков

Реж: М.Ахманов 

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>