​Театрдың мейманасы тасыды

27-ші наурыз – Халықаралық театр күніне арналып Алматы қаласындағы М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академияда өткізілген мерекелік шара Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұжымының мейманасын тасытып, зор қуанышқа бөледі.

Театрдың белді актері Медғад Өмірәлиев Қазақстанның Театр қайраткерлері Одағы, тәуелсіз сарапшылардың 2016 жылғы ұйғарымымен театр өнеріндегі айрықша шығармашылық табыстары үшін «Жыл актері» номинациясы бойынша «ЕҢЛІКГҮЛ – 2016» театр өнерінің кәсіби сыйлығының лауреаты атанып, қомақты ақшалай сыйақыға ие болды.

Театр жанашырлары мен тұрақты көрермендеріне аса талантты және дарынды актер ретінде етене таныс Медғад Қуандықұлы киелі шаңырақта іргетасы қаланғалы бері табан аудармай қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде қазақ театр және кино өнерін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген жас актер сахналық қойылымдардың 40-тан астам рөлдерін сомдайды.

Реті келгенде айта кететін жайт, бұл М.Қуандықұлының алғашқы марапаты емес, әрине... Оның бұған дейін «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанғанын жанкүйерлері өте жақсы біледі.

Оның ішінде, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясында – Жантықтың, «Қыз Жібек» трагедиясында – Базарбайдың, Ә.Оразымбетовтың «Бір түп алма ағашы» драмасында – Ерғалидың, А.Володиннің «Қос жебе» драмасында – Ру басының, С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» фантосмагориялық драмасында – Қожаназардың, Г.Хугайдың «Серттесу» («Қара шекпен») драмасында – Тұзардың, Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» документальдық драмасында Абылайдың, Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасында Игордың, т.б. басты рөлдерді шынайы ойнауы көрерменінің жүрегінен ойып тұрып орын алды.

Өр өлкеміз Маңғыстаудың атын жалаулатып, жеңістің туын желбіреткен әріптесіміз үшін біз де қуаныштымыз. М.Умиралиевтің бағындырған бұл белесі кезекті шығармашылық табысы болса, біздің театр үшін рухани-мәдени қорымызға қосылған мол үлес болып табылады.

Артур САЛПЫҚОВ,

Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының қызметкері

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 22270



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>