Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті

Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр  фестивалі өтті

   

Каспий жағалауы  елдерінің I халықаралық театр фестивалі ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бастамашылығымен, Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен 2017 жылдың 24-28 тамыз аралығында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткізілді.

Фестиваль «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналды.

Фестивалдің басты мақсаттары мен міндеттерінің бірі Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу, театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, бірлескен шығармашылық жобаларға және кәсіби қарым – қатынасқа жағдай жасау, жұртшылық назарын қазіргі заманғы жаңа театрлық үдеріске аудару болды.

Фестивальге қатысуға Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің  кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылған болатын. Фестивальдік қойылымдар төрт күн бойы тегін көрсетілді.

  Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестиваліне қатысқан театрлар тізімі

1. «Ноғай Мемлекеттік драма театры» мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей, Дағыстан Республикасы, Ноғай ауданы);

2. М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Қазақстан, Алматы қ.);

3. ЙУГ Мемлекеттік театры (Әзірбайжан, Баку қ.);

4. Астрахан облыстық «Астрахан драма театры» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Россия, Астрахан қ.);

5. Айна театр тобы (Иран, Табриз қ.);

6. Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Қазақстан, Ақтау қ.).

Аталмыш фестивальде «Айна» театр тобы (Тегеран қ.) Х.Жалалидың «Беймәлім әлемдегі Робинзон мен Крузо» комедиялық трагедиясын, «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Астрахан қ.) Л.Толстойдың «Анна Каренина» романынан көріністер, ЙУГ Мемлекеттік театры (Баку қ.) В.Клименконың «Медея.Секвенция01» апогрифтік тәубә, «Ноғай Мемлекеттік драма театры» Мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Терекли-Мектеб қ.) М.Кәрімнің «Ай тұтылған күн» трагедиясын, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры (Ақтау қ.) М.Әуезовтің (С.Цвейг) «Зілзала» эссесін көрермен назарына ұсынды.  

Фестиваль ұйымдастырушылар шешімімен, төрт күн бойы көрермен назарына ұсынылған спектакльдерді таразыдан өткізуге арнайы Отандық және шетелдік театр мамандары шақырылған болатын. Сарапшылар алқасының төрағасы болып Қазақстанның халық артисі, профессор Талғат Теменов бекітілсе, Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Азамат Сатыбалды, Түркия Мәдениет және Туризм министрлігі Мемлекеттік театрлары бас директорының орынбасары, режиссер және актер Эрдал Кючюккемюрчю, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі Исрафил Исрафилов, Грузия заманауи театрларды зерттеу орталығының бас директоры, театр сыншысы, профессор Лаша Чхартишвили сарапшылар алқасының мүшелері тізгінін ұстады.  

Фестивальдің сарапшылар алқасының шешімімен Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің І Халықаралық театр фестивалінің 

- «КАСПИЙ ШҰҒЫЛАСЫ» номинациясы бойынша 
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы марапатталды;

- «ХАЗАР РЕНЕССАНСЫ» номинациясы бойынша 
ЙУГ Мемлекеттік театры ұжымы марапатталды;

- «СИЯНИЕ КАСПИЯ» номинациясы бойынша «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі ұжымы марапатталды

- «КАСПИЙ АЙДЫНЫ» номинациясы бойынша 

«Ноғай Мемлекеттік драма театры» марапатталды

- «КАСПИЙ МЕРУЕРТІ» номинациясы бойынша 

«Айна театр тобы» ұжымы марапатталды

- «КАСПИЙ МАРЖАНЫ» номинациясы бойынша 

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұжымы марапатталды.  

Сонымен қатар фестиваль аясында ТҮРКСОЙ-ға мүше-елдердің мемлекеттік театрлары басшылары Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға қатысқан театр басшылары, ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасеинов табыс еткен, «Халдун Танер» атындағы медальдің иегерлері атанды.  

Жарияланған күні: 24 қазан 2017
Оқылған саны: 9089



11 қаңтар 2018

Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері

7 қараша 2017

КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА! «АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»

24 қазан 2017

Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

24 қазан 2017

Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті

17 тамыз 2017

КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІНІҢ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ!

17 маусым 2017

ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫ "САХНАДАН СӘЛЕМ" ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

19 мамыр 2017

Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді

17 мамыр 2017

Сабыр Адайдың шығармашылық кеші "Алтынзер".

2 мамыр 2017

Маңғыстау театры Трабзоннан табысты оралды.

4 сәуір 2017

ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ

16 наурыз 2017

ЖАНТӨРИН "ГАМЛЕТПЕН" ТРАБЗОНҒА БАРАДЫ!

24 ақпан 2017

АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!

14 ақпан 2017

Ұлым, саған айтам...

29 желтоқсан 2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 желтоқсан 2016

Құрметті Қазақстандықтар!

14 желтоқсан 2016

Жаңа жыл.

6 желтоқсан 2016

"Әбіш әлемі" фестивалі басталды

30 қараша 2016

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

25 қараша 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі

23 қыркүйек 2016

Құрметті театр көрермендері!

21 қыркүйек 2016

Құрметті, өнер сүйер қауым!

19 қыркүйек 2016

Біздің Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды

8 тамыз 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі

5 сәуір 2016

​Театрдың мейманасы тасыды

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>