Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті

Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр  фестивалі өтті

   

Каспий жағалауы  елдерінің I халықаралық театр фестивалі ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бастамашылығымен, Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен 2017 жылдың 24-28 тамыз аралығында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында өткізілді.

Фестиваль «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналды.

Фестивалдің басты мақсаттары мен міндеттерінің бірі Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу, театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, бірлескен шығармашылық жобаларға және кәсіби қарым – қатынасқа жағдай жасау, жұртшылық назарын қазіргі заманғы жаңа театрлық үдеріске аудару болды.

Фестивальге қатысуға Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің  кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылған болатын. Фестивальдік қойылымдар төрт күн бойы тегін көрсетілді.

  Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестиваліне қатысқан театрлар тізімі

1. «Ноғай Мемлекеттік драма театры» мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей, Дағыстан Республикасы, Ноғай ауданы);

2. М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Қазақстан, Алматы қ.);

3. ЙУГ Мемлекеттік театры (Әзірбайжан, Баку қ.);

4. Астрахан облыстық «Астрахан драма театры» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Россия, Астрахан қ.);

5. Айна театр тобы (Иран, Табриз қ.);

6. Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Қазақстан, Ақтау қ.).

Аталмыш фестивальде «Айна» театр тобы (Тегеран қ.) Х.Жалалидың «Беймәлім әлемдегі Робинзон мен Крузо» комедиялық трагедиясын, «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Астрахан қ.) Л.Толстойдың «Анна Каренина» романынан көріністер, ЙУГ Мемлекеттік театры (Баку қ.) В.Клименконың «Медея.Секвенция01» апогрифтік тәубә, «Ноғай Мемлекеттік драма театры» Мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Терекли-Мектеб қ.) М.Кәрімнің «Ай тұтылған күн» трагедиясын, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры (Ақтау қ.) М.Әуезовтің (С.Цвейг) «Зілзала» эссесін көрермен назарына ұсынды.  

Фестиваль ұйымдастырушылар шешімімен, төрт күн бойы көрермен назарына ұсынылған спектакльдерді таразыдан өткізуге арнайы Отандық және шетелдік театр мамандары шақырылған болатын. Сарапшылар алқасының төрағасы болып Қазақстанның халық артисі, профессор Талғат Теменов бекітілсе, Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Азамат Сатыбалды, Түркия Мәдениет және Туризм министрлігі Мемлекеттік театрлары бас директорының орынбасары, режиссер және актер Эрдал Кючюккемюрчю, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі Исрафил Исрафилов, Грузия заманауи театрларды зерттеу орталығының бас директоры, театр сыншысы, профессор Лаша Чхартишвили сарапшылар алқасының мүшелері тізгінін ұстады.  

Фестивальдің сарапшылар алқасының шешімімен Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің І Халықаралық театр фестивалінің 

- «КАСПИЙ ШҰҒЫЛАСЫ» номинациясы бойынша 
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы марапатталды;

- «ХАЗАР РЕНЕССАНСЫ» номинациясы бойынша 
ЙУГ Мемлекеттік театры ұжымы марапатталды;

- «СИЯНИЕ КАСПИЯ» номинациясы бойынша «Астрахан драма театры» Мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі ұжымы марапатталды

- «КАСПИЙ АЙДЫНЫ» номинациясы бойынша 

«Ноғай Мемлекеттік драма театры» марапатталды

- «КАСПИЙ МЕРУЕРТІ» номинациясы бойынша 

«Айна театр тобы» ұжымы марапатталды

- «КАСПИЙ МАРЖАНЫ» номинациясы бойынша 

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұжымы марапатталды.  

Сонымен қатар фестиваль аясында ТҮРКСОЙ-ға мүше-елдердің мемлекеттік театрлары басшылары Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға қатысқан театр басшылары, ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасеинов табыс еткен, «Халдун Танер» атындағы медальдің иегерлері атанды.  

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 9090



11 қазан 2019

Бірінші Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалін ресми түрде ашық деп жариялаймыз!

10 қазан 2019

11 қазан күні өтетін Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған "Ábish Álemi” I Халықаралық театр фестиваліне қатысты ақпараттарды толықтырдық.

3 қазан 2019

Премьера! «Ábish Álemi» I Халықаралық театр фестивалі қарсаңында дүниеге келген қос қойылым

29 қыркүйек 2019

"Abish Alemi" I Халықаралық театр фестивалі туралы

25 қыркүйек 2019

Медғат Өміралиев - Әлихан рөлін сомдап "ЕҢ ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ" номинациясы бойынша марапатталды.

22 қыркүйек 2019

"Қазақстан-Семей" теалеканалыңын "Бағдар" айдарында

21 қыркүйек 2019

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалі

14 қыркүйек 2019

"Сисем - елдің есігі, ердің бесігі"

11 қыркүйек 2019

Ақтау қаласында 2 мың адамға арналған жаңа драма театр бой көтереді.

3 қыркүйек 2019

2020 жыл мәдениет саласындағы қызметкерлерге қандай өзгерістер әкеледі?!

30 тамыз 2019

Конституция күні құтты болсын!

19 тамыз 2019

Өз ісінің мамандарын іздейміз...

18 тамыз 2019

Жас мамандармен толықтық

15 тамыз 2019

Қазақстан мұнайына 120 жыл толуына орай және мұнайшылар мерекесі қарсаңында біздің театр гастрольдік сапарға шығады.

11 тамыз 2019

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

23 шілде 2019

АҚШ әуе күштерінің аңсамблі Ақтауда

4 шілде 2019

Театр кезекті еңбек демалысында!...

28 маусым 2019

XVI маусым музыкалық-драма жанрындағы "Ақбөбек" қойылымымен аяқталды.

18 қараша 2018

​Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс

18 қараша 2018

​Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс

18 қараша 2018

​Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс

3 қыркүйек 2018

Каспий жағалауы елдерінің Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған ІІ Халықаралық театр фестивалінің бағдарламасы

15 тамыз 2018

Құрметті маңғыстаулықтар және қонақтар!

5 тамыз 2018

ФЕСТИВАЛЬ

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>