Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.

Кәсіби театрдың ашылуына орай біз Н.Жантөрин театры Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналып қойылған Есенғали Раушановтың «Құнанбай мен Абай» спектаклін Жаңаөзен жұртшылығына ұсындық.
"Жастар" театры алдағы уақытта жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дарытып, отандық және әлемдік қойылымдарды сахналауға, мәдени-эстетикалық әлемнің, таным-тағылымын, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге бар күшін салмақ.
Ендеше, біз де осы іс-шараға мәдени құндылыққа бай, жас ұрпақты дәріптейтін "ҚҰНАНБАЙ МЕН АБАЙ" спектаклін ұсынып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық лебізіне бөлендік. Жылы қарсы алғаныңызға алғыс білдіреміз, рақмет!
Алдағы уақытта көріскенше! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 11415



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>