ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ

   Н.Жантөрин атындағы    облыстық музыкалық драма театрының Көркемдік кеңесі ұлттық сахна өнерінің ұлы актері Нұрмұхан ағамыз атындағы сыйлық тағайындау жөнінде ұйғарым жасады. Ондағы мақсат – сол арқылы  қазақ театр өнерінің дамуы мен нығаюына, оның ішінде облыстық театр іргесін қаласып, қанат жаюына белсене үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келе жатқан театр қайраткерлеріне лайықты құрмет көрсетіп, кейінгі толқын жастарға үлгі ету. Шығармашылық бастамаларға жол ашып, театр қайраткерлерінің жоғары кəсіби машықтарды меңгерулеріне, танымалдықтарының артуына ықпал ету. Сыйлық 2017 жылдан бастап дəстүрлі түрде Халықаралық театр күні мерекесіне орай, жылына бір рет, тек қанаН.Жантөрин театры қызметкерлеріне ғана беріледі.

Жақында, Халықаралық театр күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы театр сыйлығы алғашқы иегерлеріне салтанатты түрде тапсырылды.

Нөмірі бірінші куəлік пен бетінде  Н.Жантөриннің бейнесі алтынмен апталып бедерленген күміс төсбелгі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, есімі елімізге танымал мəдениет қайраткері Нұрнияз Мұқановқа тапсырылды.

Екінші нөмірлі куəлік пен сондай төсбелгі театрдың көркемдік жетекшісі жəне бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының жəне көптеген отандық, сондай-ақ халықаралық театр байқаулары сыйлықтарының иегері Гүлсина Мерғалиеваға табыс етілді.

Құрылғанына небәры он төрт жыл толған өнер ұжымының негізгі қызметтік көрсеткіштері мен шығармашылық ізденіс-əлеуеті  жөнінен  республикадағы алдыңғы үштікке енуінде аталған тұлғалардың өлшеусіз еңбектері бар деп санайтын əріптестері Көркемдік кеңестің бұл шешіміне қуана қол соғып, жүлдегерлерге үлкен қошамет көрсетті.

Осы салтанатты жиын үстінде сондай-ақ 14-театр маусымы қортындыланып, кəсіби тұрғыда ең жоғары нəтижелерге жеткен театр қызметкерлері аталып, марапатталды.

Театрда алғашқы күннен бастап еңбек етіп келе жатқан Майра Бақбердиева «Жыл актрисасы – 2017» номинациясының, былтыр Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналып өткізілген Қазақстанның драма театрларының XXIV Республикалық фестивалінде У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясындағы Гамлет рөлін сомдағаны үшін “Ең үздік ер адам бейнесі” номинациясымен марапатталған Кенжебек Башаров «Жыл актеры – 2017» номинациясының иегері атанып, дипломдармен жəне ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, сурет-көркемдеу цехының меңгерушісі Сайлыбай Тілеубаев "Театр тірегі – 2017", талантты жас актер Ратбек Абзал "Үміт күттірер – 2017" аталымдары бойынша жеңімпаздар болып танылып, тиісінше дипломдар  мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Театрға сіңірген еңбектері үшін бір топ қызметкерлер Қазақстан театрлар ассоциясының жəне облыстық  мəдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Артур Салпықов,

театрдың Көркемдік кеңесінің хатшысы.

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 8241



26 сәуір 2023

Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!

20 сәуір 2023

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!

10 сәуір 2023

Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!

7 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.

6 сәуір 2023

Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында

2 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі

12 қазан 2021

Құттықтаймыз!

9 қыркүйек 2021

XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

9 сәуір 2021

Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"

9 сәуір 2021

Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.

3 сәуір 2021

Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.

21 наурыз 2021

Бүгін біздің туған күн!

18 наурыз 2021

"Кел, балалар, ойнайық!"

15 наурыз 2021

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!

12 наурыз 2021

"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.

8 наурыз 2021

3 наурыз 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.

2 наурыз 2021

ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/

22 ақпан 2021

Архитектуралық өзгерістер жоспары

15 ақпан 2021

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

7 ақпан 2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!

28 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.

28 қаңтар 2021

"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.

22 қаңтар 2021

ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>