АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!

Елбасының биылғы Жолдауын  насихаттау мақсатындағы ақпараттық-насихаттық  іс-сапармен Маңғыстау облысына келген ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі  Ақтоты Райымқұлова аймақтың мəдениет, спорт  салалары нысандарын аралау барысында Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрында болып, өнер ордасының жай-күйімен танысты.

Республикалық жəне халықаралық  байқауларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүрген театрдың шығармашылық қызметіне ризалығын білдірді.

Театрдың кіші залында облыстың мəдениет жəне спорт қызметкерлерімен кездесу өтті. Онда аталған салалардың облыстық құрылымдарының басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен министрлік тарапынан қолдау күтетін мəселелер

жайлы баяндады.

Өз кезегінде Ақтоты Рахметуллақызы ана тілімізде əдеби де жатық сөйлеп, əсерлі əңгіме өрбітті.

Мəдениет пен спорт салаларындағы қол жеткен жетістіктерге тоқталып, оларға қоса министрлік құзырына беріліп жатқан туризм саласында алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Маңғыстау өңірінің ұлттық мəдениет пен өнер, спорт салаларын, туристік кластерді дамытудағы орны туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сала қызметкерлерін Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – адам капиталын дамытуға белсене үлес қосуға шақырды. 

 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 8393



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>