Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған Бірінші Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі өз мәресіне жетті.

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған Бірінші Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі өз мәресіне жетті. 

Төрт күн бойы театр сахнасында Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері мен әлем жазушыларының үздік шығармалары сахна төрінен көрерменмен сырласып, дәуірлер шежіресін жеткізді. Фестивальге 10 театрдан 150 сахна шеберлері өнер көрсетіп, Маңғыстау жұртшылығының ықыласына бөленді.

Жоғары дәрежелі қойылым көрсетті. Өнеріне тәнті етті.

Ендеше, фестивальге қатысқан әл ел театрының барлығы қойылымдарын үздік сахналағаны ушін, әділқазылар алқасы мүшесінің бірауыздан анықталған шешімі бойынша

«Ábish Álemi» I Халықаралық театр фестивалінің лауреаттарын ұсынамыз;

* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры Әбіш Кекілбаевтың аудармасындағы Антон Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» драмасын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Күй» қойылымын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры Уильям Шекспирдің Әбіш Кекілбаев аудармасындағы «Король Лир» трагедиясын  үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты  Хорезм облыстық музыкалық драма театры  Юнус Юсуповтың «Ғашық Ғариб пен Шохсанам» музыкалық драмасын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты Лебап велаятының Сейитназар Сейди атындағы Мемлекеттік музыкалық драма театры Шөкрат Машариповтың «Даяхатын» драмасын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты  Камол Худжанди атындағы музыкалық  комедия театры Ш.Бошбековтың Мольер пьесасының желісімен «Летающий лекарь» комедиясын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты  Ованес Абелян атындағы Ванадзор Мемлекеттік драма театры Габриэль Гарсиа Маркестің «Я пришла только позвонить» психологиялық драмасын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты  Стамбул Мемлекеттік театры халық аңызы желісімен «Қорқыт баба» драмасын  үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты Гейдар Алиев атындағы Тбилиси Мемлекеттік Әзірбайжан кәсіби драма театры Антон Чеховтың «Аю» комедиясын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

* Фестиваль лауреаты  Белех Савар Барбод театры Уильям Шекспирдің «Король Лир» трагедиясын үздік сахналағаны үшін марапатталды.

Барлық театр қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! 

Және, өзіміздің @zhanturin_theatre ұжымы мен театрымыздың көркемдік жетекшісі, бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан" сыйлығының лауреаты Гүлсина Мерғалиеваны Халықаралық деңгейдегі лауреат атануымен құттықтаймыз! 

 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 16801



11 қаңтар 2018

Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері

7 қараша 2017

КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА! «АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»

24 қазан 2017

Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

24 қазан 2017

Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті

17 тамыз 2017

КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІНІҢ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ!

17 маусым 2017

ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫ "САХНАДАН СӘЛЕМ" ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

19 мамыр 2017

Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді

17 мамыр 2017

Сабыр Адайдың шығармашылық кеші "Алтынзер".

2 мамыр 2017

Маңғыстау театры Трабзоннан табысты оралды.

4 сәуір 2017

ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ

16 наурыз 2017

ЖАНТӨРИН "ГАМЛЕТПЕН" ТРАБЗОНҒА БАРАДЫ!

24 ақпан 2017

АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!

14 ақпан 2017

Ұлым, саған айтам...

29 желтоқсан 2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 желтоқсан 2016

Құрметті Қазақстандықтар!

14 желтоқсан 2016

Жаңа жыл.

6 желтоқсан 2016

"Әбіш әлемі" фестивалі басталды

30 қараша 2016

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

25 қараша 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі

23 қыркүйек 2016

Құрметті театр көрермендері!

21 қыркүйек 2016

Құрметті, өнер сүйер қауым!

19 қыркүйек 2016

Біздің Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды

8 тамыз 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі

5 сәуір 2016

​Театрдың мейманасы тасыды

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>