2020 жыл мәдениет саласындағы қызметкерлерге қандай өзгерістер әкеледі?!
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауынан
"Мәдениет қызметкерлерін қолдау" туралы
Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.
Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.
Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.
Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.
Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.
Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.
Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.»
*
Бүгін Маңғыстау облыстық әкімшілігінде ҚР президенті Қ.K.Тоқаетың жолдауын талқыға салуға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актрисасы Сағадат Сейтқожа өз пікірін жеткізді және әрбір мәдениет саласында жұмыс атқарып келе жатқан маманның атынан ризашылығымызді білдірді.
Еске салайық, президент Қ.K.Тоқаев рухани жаңғыру барысында, кітапхана, театр, мәдениет саласында жасайтын барлық қызметкерлердің жалақысын көтеруді бұйрық етті.
Сағадат Сейтқожа:
"Құрметті Серікбай Өтелгенұлы, жиынға қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын көріп, тыңдап көңіліміз серпіліп, қанаттанып қалдық. Өнер адамы жəне жас маман ретінде менi, өзім еңбек ететін мəдениет пен өнер саласының, ана тіліміздің болашағы қатты толғандыратын.
Ойымыздағы осы мəселелерге қатысты нақты жауаптарды кешегі Жолдаудан алып, көңіліміз марқайып қалдық. Мен өзімнің актрисалық қызметім арқылы осы мақсатқа үлес қоса аламын. Өйткені, біздің театрымыз Халықаралық театр байқауларына өз ана тіліміздегі спектакльдерді апарады. Президенттің алдағы жылдан бастап мəдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөніндегі тапсырмасы өмірін осы салаға арнап келе жатқан еңбек ардагерлері мен болашағын туған елдің мəдениеті мен өнерін өркендетумен байланыстыратын барша замандастарымды үлкен қуанышқа бөледі.
Міне, енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен мəдениет пен өнер саласында аз жалақымен көп іс тындырып келе жатқан əріптестеріміздің еңбегіне лайықты ақы төлеу жүзеге асатын болды.
Сонымен қатар, руханият жауынгерлерінің әлеуметтік мәселелері оң шешімін табатындығы – мамандыққа деген зор құрмет.
Бұл сөз жоқ - сала еңбеккерлерінің көңілін жайландырып,
жаңа жетістіктерге жігерлендіреді!
Мемлекет саясатына сенеміз!
Оқылған саны: 3515
30 желтоқсан 2020
Жаңа қойылымның тұсаукесері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады.
24 желтоқсан 2020
Премьера спектакля "Дикие историй 16+" прошла на высшем уровне
22 желтоқсан 2020
ПРЕМЬЕРА НОВОГО СПЕКТАКЛЯ УЖЕ СКОРО!
18 желтоқсан 2020
Елордамыздағы NOMAD театрына әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлының есімі берілді.
17 желтоқсан 2020
Нұр-Сұлтан. «Музыкалық жас көрермен театрының» салтанатты ашылуы өтті.
15 желтоқсан 2020
Гүлсина Бақытжанқызы mangystautv.kz телеарнасының басшысы Бекзат Жүсіптен телеарнаның мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
10 желтоқсан 2020
МАҢҒЫСТАУ ТЕЛЕАРНАСЫНА 50 ЖЫЛ! Н.ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ МАРАППАТАЛДЫ.
26 қараша 2020
"ӘЙЕЛ МАХАББАТЫ" спектаклі. Екінші премьерасының тұсаукесері.
23 қараша 2020
Лопе Де Веганың музыкалық комедиясы "ШӨП ҚОРЫҒАН ИТ" спектаклінің премьераларын сәтті өткіздік.
21 қараша 2020
Жаңа премьераның тұсаукесері өтті "ӘЙЕЛ МАХАББАТЫ", М.Мағауин.
18 желтоқсан 2019
Н.Жантөрин театрының актері Рамазан Ақтаев «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Директор орынбасары Тоқтамұрат Тілеу Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «Алғыс» пен марапатталды
14 желтоқсан 2019
Рамазан Ақтаев - «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»
25 қараша 2019
Жеңіс жемісті болғай!
25 қараша 2019
Ел газеті «Egemen Qazastanga» 100 жыл толды. Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Маңдайлы Қосымбай марапатталды.
24 қараша 2019
"Junior Eurovision 2019" ән байқауының жарық жұлдызы - Ержан Максим, жарайсың!
17 қараша 2019
Н.Жантөрин театры Атырауда...
6 қараша 2019
Көкшетауда бірінші халықаралық «TeArt-Көкше» фестивалі өтті.
30 қазан 2019
Н.Жантөрин театры «Teart-Көкше»Халықаралық театр фестивалінде «Измена» моноспектаклімен өнер көрсетеді
23 қазан 2019
Театр ұжымы Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайға барып, күл шоқын қойды
20 қазан 2019
20 қазан XVII маусымның ашылуы
15 қазан 2019
А.Әшімовтың "Жаңа ғасыр" театры Ақтауда
15 қазан 2019
"Abish Alemi" фестивалінің қазылар алқасына алғыс!
14 қазан 2019
Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған Бірінші Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі өз мәресіне жетті.
13 қазан 2019
Ованес Абелян атындағы Ванадзор Мемлекеттік драма театрынан ерекше тосын сый
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн