«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі



1.   Жалпы ереже:

Фестивальдің құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы.

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі 2016 жылдың қараша айының екінші жартысында өтеді.

2.   Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:

Республикалық «ӘБІШ ӘЛЕМІ» фестивалі – Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, сахналау, Ұлттық театр өнерін дамыту және насихаттау мақсатында екі жылда бір рет қараша айында өткізіледі.

3.   Фестивальдің шарттары

Фестивальге соңғы үш жылда сахналанған көркемдік деңгейі жоғары Әбіш Кекілбаевтің драмасы, (аудармалары), шығармалары желісінде сахналанған қойылымдар ұсынылады. Шығармалар ұйымдастыру алқасының таңдауынан кейін фестивальге қатысуға жолдама алады. Ұйымдастыру алқасы қойылым видеосын, фотоларын, аннотациясы мен ұсыныстарды 2016 жылдың 1-қазанға дейін n.zhanturin_aktau@mail.ru электронды почтасы бойынша қабылдайды. Өтінім формасы 1-қосымшада берілген.

Фестивальге ең үздік, іріктелген қойылымдар  Маңғыстау облыстық  Н.Жантөрин атындағы музыкалық- драма театрының сахнасында көрсетіледі.

Фестивальге таңдалып алынған театр ұжымының келу-кету жол шығындары қатысушылар жағынан, та­мақтандыру және тұратын орнымен, қатысушыларды қала ішінде жүру көлігімен қамтамасыз ету ұйымдастырушылар тарапынан болады.

Қатысушы ұжымның саны 20 адамнан (әкімшілік және техникалық қызметкерлерді қоса санағанда) аспауы керек.

4. Ұйымдастыру комитеті

1.    Фестивальді дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімімен бекітіледі.

2.   Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

3.   Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.

4.   Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен Фестивальді дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет етеді.

5.   Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

6.   Ұйымдастыру комитеті театрлардың өтінімдері және спектакльдердің бейне жазбаларын қарау негізінде Фестивальге қатысушылардың құрамын анықтайды.

5. Қазылар алқасы және номинациялар

1.    Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру алқасының

ұсынысымен облыстық Мәдениет басқармасы бекітеді. Қазылар алқасының

құрамына театр сыншылары, режиссерлер, драматургтар, шығармашылық

зиялы қауым өкілдері кіреді.

2.   Қазылар алқасы фестивальдің жүлде қорын келесі номинациялар бойынша белгілейді:

“Ең үздік қойылым” – Гран-при жүлдесі, Әбіш Кекілбаев атындағы сыйлық;

«Үздік режиссерлік жұмыс»

«Үздік әйел адам бейнесі»

«Үздік ер адам бейнесі»

«Үздік екінші пландағы бейне»

«Үздік сахналанған Әбіш Кекілбаев шығармасы»;

Облыс әкімінің арнайы сыйлығы;

Ынталандыру сыйлығы;

3. Фестивальдің кез-келген номинациясы бойынша жүлде қорын тағайындауға;

4.  Фестивальдің жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.

5. Жүлде қоры бекітілген шығыстар сметасына сәйкес бөлінеді. Жүлде

қорын тағайындау туралы қазылар алқасының шешімі ашық дауыспен қабылданады және қазылар алқасының барлық мүшелері қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді. 

6. Қазылар алқасының шешімі Фестивальдің жабылу салтанатында жарияланады, түпкілікті болып табылады және қайта қарастырылмайды.

7. Заңды және жеке тұлғалар Ұйымдастыру комитетінің келісімі

бойынша  арнайы сыйлықтар тағайындай алады.

6. Фестивальді ақпараттық жариялау

1. Фестиваль жұмысын кең көлемде насихаттау мақсатында

Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті материалдарды ұсынады.

2.Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасы мен Фестивальдің басқа да

қатысушыларының қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырады.

3. Ұйымдастырушы жақтың (радио-теле, үнтаспа, бейнетаспа) ба­ғыт­тары бойынша жазуға, түсіруге мүмкіндігі бар, қаламақысыз фестиваль тура­лы арнайы сайттарға беруге құқылы. 

7. Қаржыландыру тәртібі

1. Фестивальді өткізу облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Қарастырылған қаржы көздері бекітілген шығыстар сметасына сәйкес мақсатта жұмсалады.

1) қазылар алқасы мүшелерінің іссапар шығындары (жолақы, жатын орын, тамақтану/тәуліктік шығындар) мен қаламақыларын;

2) Фестивальдің жүлде қорын;

3) жарнамалық өнімдерін шығару шығыстарын төлейді;

2. Фестивальдің өту мерзімінде қатысушылардың тамағын, тұратын орнын төлейді;

Барлық спектакльдер көпшіліктің алдында және фестиваль  бағдарламасына сәйкес тегін көрсетіледі. Спектакль көрсетілімдері үшін қаламақы төленбейді.

8.Өтетін жері: 


130000, Ақтау қаласы (Қазақстан Республикасы)

8-ші шағын аудан, театр ғимараты.
Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры.

тел/факс: 8 (7292) 60-10-05, 60-10-03, 60-10-01

тел. 8-702-231-31-78 Айнара  Жансейтова
        8-778-703-93-90 Самал  Жетекова

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 23311



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>