Н.Жантөрин театры Атырауда...

18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты, драматург-жазушы Рахымжан Отарбаевтың III республикалық фестивалі өтеді.

Аталмыш шараға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Р.Отарбаевтың поэтикалық драмасы "Фариза мен Мұқағали" спектаклімен қатысып, басқа өңірдін театрларымен додаға түсіп өзінің еңбектерін сынға салатын болады.

Фестивальге еліміздің әр аймағынан келген тоғыз театр ұжымы өз өнерлерін ұсынбақ. Олардың тізімі төмендегідей:

1. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиядлық драма театры (Нұр-Сұлтан); 

2. Р.Сейтметов атындағы сазды драма театры (Түркістан);

3. Қ.Жандарбеков атындағы драма театры (Жетісай);

4. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Ақтау);

5. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры;

6. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры (Шымкент); 

7. Ақмола облыстық орыс драма театры (Көкшетау);

8. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры;

9. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры (Атырау); 

Аталған өнер ұжымдарына баға беретін әділ қазылар алқасының құрамында – Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, фестиваль төрағасы Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері, режиссер Есмұхан Обаев, Мемлекеттік сыйлықтың  иегері, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі, режиссер Сердеш Қажымұратұлы, ҚР  Халық  әртісі, профессор,  режиссер Талғат Теменов, жазушы, әдебиеттанушы, Қазақ Ұлттық өнер  университетінің оқытушысы, ҚР  Жазушылар  одағының  мүшесі Ұларбек Нұрғалымұлы, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының магистрі Айзат Қадыралиева және журналист Қаракөз  Рахымжанқызы бар. Олар театрларды жүлделі орындармен қатар, келесідегідей номинациялармен марапаттайтын болады:

"Ең үздік ер адам бейнесі",

"Ең үздік әйел бейнесі";

"Үздік режиссура";

"Үздік сценография";

"Көрермен көзайымы";

"Арнайы номинация". 

Фестиваль Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры және Р.Отарбаев атындағы «Руханият» қорының ұйымдастыруымен өтеді.

Спектакльдердің өтетін орны "Жастар" мен "Құрманғазы" мәдениет үйлері. 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 1899



14 ақпан 2017

Ұлым, саған айтам...

29 желтоқсан 2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 желтоқсан 2016

Құрметті Қазақстандықтар!

14 желтоқсан 2016

Жаңа жыл.

6 желтоқсан 2016

"Әбіш әлемі" фестивалі басталды

30 қараша 2016

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

25 қараша 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі

23 қыркүйек 2016

Құрметті театр көрермендері!

21 қыркүйек 2016

Құрметті, өнер сүйер қауым!

19 қыркүйек 2016

Біздің Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды

8 тамыз 2016

«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі

5 сәуір 2016

​Театрдың мейманасы тасыды

27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

театр имени Нурмухана Жантурина

Нурмухан Сейтахметович Жантурин (каз. Нұрмұхан Сейтахметұлы Жантөрин) (1928—1990) — казахский советский актёр театра и кино, режиссёр кино, Народный артист Казахской ССР. Нурмухан Жантурин родился 22 апреля 1928 года в селе Кондаурово Гурьевской области

Подробно в Википедии

>