ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    Театрымыздың талантты актері МЕДҒАТ ӨМІРАЛИЕВТІ облыстық  "ЖЫЛ АДАМЫ – 2016"  конкурсының "Мəдениет жəне өнер" номинациясының жеңімпазы атанып, "Алтын адам" мүсінімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қымбатты Медғат!

Сіз,  біздің театр құрылған күннен бастап еңбек етіп, нағыз өнер адамына тəн шығармашылық ізденіс пен кəсіби шеберлігіңізді шыңдаудың шынайы үлгісін көрсетіп келесіз. Өткен жылдар ішінде театр сах насында отыздан астам ролді сомдап, көрермен көңілін тəнті еттіңіз. “Күләш”, “Кәусар”, “Қыз жолы”, тағы да басқа кинофильмдерде басты рольдерді шеберлікпен ойнап, республика жұртшылығына еліміздің мықты киноактерлерінің бірі ретінде танылдыңыз.

Театр мен кино саласындағы еңбегің жоғары бағаланып,"Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы мен "Еңлікгүл – 2016" театр өнерінің кəсіби сыйлығымен марапатталдыңыз. ҚР Мəдениет жəне спорт министрінің Құрмет грамотасы, басқа да марапаттардың қатарын толықтырған бүгінгі наградаңыз – біздің театр ғана емес, облыстың мəдени-рухани өмірін дамытуға қосқан белсенді қызметіңіз бен өрелі өнеріңіздің өтеуі деп қабыл алыңыз!

Сіздің табысыңыз – біздің театр ұжымының, облысымыздың мəдениет қызметкерлерінің мерейін өсіретін ортақ қуаныш, ортақ жетістік!

Өнер шыңына өрлей беріңіз, Медғат! Алдағы алар асуларыңыз биік болсын!Өзіңізге жəне отбасыңызға аманшы лық, баянды бақ-береке, шығармашылық жеңістердің шат мерекесін тілейміз! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 8642



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>