КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА! «АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»

 

КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА!

«АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...» лирикалық драма

ПРЕМЬЕРАСЫ 19, 20  ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 


 

 Драма Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Раймалы ата туралы аңыз бен «Жәмилә» повестерінің желісі бойынша туындаған.

Автор: Талғат Теменов

Инсценировка авторы: Талғат Теменов

Қоюшы режиссері  – Талғат Теменов,   Қазақстанның  Халық артисі, профессор

Қоюшы суретшісі – Гүлнар Канафина, ҚР мәдениет қайраткері

БалетмейстерЗина Байрамова

Музыкамен көркемдеген – Талғат Теменов, Қазақстанның  Халық артисі, профессор

Қырғыз халқының әлемге әйгілі, кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармалары тұнып тұрған классикалық прозаның үлгісі. Заңғар жазушының шығармашылық мұрасына әлем назары күннен күнге азаймақ емес. Белгілі режиссер Талғат Теменов суреткер жазушының қос туындысы негізінде нағыз драманы өмірге әкелді.

«Аққудың көз жасы...» - автордың шығармашылық қиялының сұрыптауынан өтіп, ақырында көркем әдебиеттің дара ерекшеліктерін түзетін шығармаға айналған туынды. 

Аталмыш спектакльді Н.Жантөрин театры төрінде сахналау үшін Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, театр және кино режиссері, Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлығының иегері, драматург, профессор Талғат Теменов арнайы шақырылған болатын.

Басты кейіпкерлер мен орындаушылар:

Автор

-Рамазан Актаев

Жәмилә

-Арай Омарова

-Гүлнұр Зейнолда

Данияр

-Кенжебек Башаров, Мәдениет саласының үздігі

-Еркебұлан Бекен

Раймалы Ата

-Медғат Өмірәлиев, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Еңлікгүл» кәсіби сыйлығының лауреаты

Бегімай

-Ұлдана Құдайбергенова

 

Премьераның басталу уақыты  19:00

 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 22810



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>