Көкшетауда бірінші халықаралық «TeArt-Көкше» фестивалі өтті.

Еске салайық, аталмыш фестивальге біздің театр «Измена» моноспектаклімен қатысты.

Фестивальге Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының тарих және театр теориясы өнері кафедрасының меңгерушісі Сәния Қабдиева жетекшілігімен Қазақстан, Ресей, Германия, Грузия елдерінен келген театр майталмандары қазылық етті. Олардың арасында Еркін Жуасбек, Армине Оганесян, Нияз Агламов, Нина Мазур, Лаха Чхартишвили бар. Шараның жабылу салтанатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың атынан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушылар мен қазылар алқасын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Фестиваль қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының ұжымы гран-при иегері атанса, «Гроза» драмасын ұсынған Рязань мемлекеттік облыстық театрының ұжымы «Үздік актерлік ансамбль» аталымы бойынша, «Чичиков» спектаклінде Плюшкин помещиктің рөлін сомдаған Ақмола облыстық орыс драма театрының актері Тимур Валиев «Үздік актер» аталымы бойынша, «Письма любви» спектаклінде Мелисса Гарднердің рөлін сомдаған А.Н. Островский атындағы Кишешемский драма театрының актрисасы Элина Манапова «Үздік актриса» аталымы бойынша марапатталды. Фестивальге қатысушылардың барлығы естелік сыйлықтармен марапатталды.

 Фестиваль тамаша өтті. Біз басқа ұжымдарды көргенімізге әрқашанда қуаныштымыз. Өйткені, фестиваль арқылы біз басқа театрлардың жұмысын көре аламыз. Қатысқанымызға ризамыз. Сол арқылы басқа елдердің, театрлардың шығармашылығымен танысып, тәжірибе алмаса алдық. Фестиваль ұйымдастырушыларына және барша қатысқан, жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарға алғысымызды білдіреміз! Рақмет!

Фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік актерлік ансамбль» номинациясына Рязань драма театры ие болды. Ал «Ең үздік әйел рөлін» Островский атындағы Кинешминск драма театрының «Письма любви» спектакліндегі Мелиссті сомдағаны үшін Элина Манапова алды. «Үздік ер рөлі» номинациясында Ақмола облыстық орыс драма театрының өкілі Тимур Валиев Плюшкиннің «Чичиковты» сомдағаны үшін жеңімпаз атанды. Бас жүлдені Семей қаласының Достоевский атындағы орыс мемлекеттік драма театры қойған «Ревизор» спектаклі жеңіп алды.

*

«TeArt-Көкше»

Мы театр им.Н.Жантурина очень рады что побывали на таком шикарном фестивале. И пользуясь случаем хотели бы искренне поблагодарить организатора Бейбита Бахтыгереева и других организаторов масштабного фестиваля, и всех кто участвовал хотим от всей души поздравить с полученным опытом и гран-при

Первый Международный фестиваль «TeArt-Көкше» собрал вместе театры из Казахстана, России и Украины в Акмолинской области.

Так, обладателем гран-при стал коллектив Государственного русского драматического театра им. Ф.М. Достоевского (Восточно-Казахстанская область, г. Семей) за спектакль «Ревизор». В номинации «Лучший актерский ансамбль» победителем стал коллектив Рязанского государственного областного театра юного зрителя за драму «Гроза». «Лучшая мужская роль» -  у Тимура Валиева в образе помещика Плюшкина в спектакле «Чичиков» (АОРДТ). «Лучшая актриса» - Элина Манапова в образе Мелиссы Гарднер в  спектакле «Письма любви» (Кинешемский драматический театр им. А.Н. Островского, Россия). Никто из гостей фестиваля не остался без памятных подарков.

Примите наши искренние поздравление! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 16885



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>