Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

Қадірлі, Маңғыстаулықтар!

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды. Атам қазақ ерте заманнан бері дәл осы күні алыс-жақын ағайындарымен, жақын-жұрағаттарымен көрісіп, бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, достық құшақтарын айқара ашып қауышатын көрінеді.
Бәлкім содан болар, ел ауызында, әсіресе, Маңғыстау қазақтары арасында «Амалдан-амалға амалдап жете берейік» деген тәмсіл әлі күнге дейін маңызын жоймай айтылып келеді. Сондықтан, «Амал мерекесі» барша қаймана елді ынтымаққа, береке-бірлікке, татулыққа шақыратын ұлық мейрам болып табылады.
Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтай отырып, ырыс-берекеміз бен жасайтын рухани, мәдени амалдарымыз молынан болғай демекпіз!

Бүгінгі күн - қол алысып, көрісу,
Төс түйістіріп, өрбісу.
Өкпе-назды кешіру,
Жүректегі кекті өшіру.
Дастарханға бата сұрап, бақ тілеу,
Ырыс қонып, орындалар ақ тілеу.
Жаңа жыл келіп, балаша бір қуану,
Шүкір етіп, марқайып бір жұбану!

Жарияланған күні: 14 наурыз 2016
Оқылған саны: 23266



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>