Жаңа қойылымның тұсаукесері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады.

2020 жылдың 30 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Есенғали Раушановтың «ҚҰНАНБАЙ МЕН АБАЙ» пьесасы бойынша режиссер Г.Мерғалиеваның сахналаған музыкалық драмасы көрермен көзайымы болып, театр сүйер қауымның жүрегінен орын алып ал біздің репертуардан өз орнын тапты.

Алғыс Білдіреміз!
Спектакльде М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Бердіғали Қуанышұлының жетекшілігіндегі "Ақшағыл" этно-фольклорлық ансамблінің әуендері қолданылады.
Сонымен қатар, "Тарбия" сән үйінің демеушілігі және Аяпберген Шынарайдың спектакль костюмдерін жасауда қосқан зор үлестері мен қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Қойылымда Абай қазынасының заман мен уақыт төрелігіне бағынбайтын мәңгілік, өзекті, өміршең, сарқылмас мұрасы – поэзиясы, әндері мен ғақлиялары қолданылды. Жаны мен тәні үйлесім тапқан әке мен бала арасындағы парасатты ой-тұжырымдар, адамгершілік келбет, адамзаттық құндылықтар сынды көптен көкейде жатқан өзекті дүниелер аясында тіл табысқан қос ұрпақтың рухани байланыс құрғанына әрбір келегн көрермен куә бола алды.

*Авторы - Есенғали Раушанов
*Режиссері - Гүлсина Мерғалиева
*Суретшісі - Нысан Қаниев
*Костюм суретшісі - Мадина Қосмағанбетова
*Хореограф - Серік Сариев
*Хормейстер - Айман Берікбаева
*Концертмейстер - Ғалия Сылан
*Вокал - Шолпан Берікбаева
*Музыкамен көркемдеген - Қайрат Ақтаев
*Режиссер ассистенті - Әлия Исаева

*Рольдер мен орындаушылар
Құнанбай - Медғат Өмірәлиев
Абай - Сүндет Сәрсен
Зере - Майра Бақбердиева
Ұлжан - Сағадат Сейтқожаева
Тоғжан - Ұлдана Құдайбергенова

#абай175
#ҚұнанбайменАбай
#музыкалықдрама
#премьера 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 4188



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>