Халықаралық театр күні

Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық - драмалық театрының шығармашылық ұжымы 27-ші наурыз - Халықаралық театр күнін жоғары дәрежеде атап өтті. Салтанатты жиын кезінде театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Нұрнияз Мұханұлы ұжымды төл мерекелерімен құттықтай келе, жеңімпаз-номинаттарды шын жүректен құттықтады. Атап айтатын болсақ, Халықаралық театр күні мерекесіне орай, "Үздік актер - 2016" номинациясымен Айбек Иманқұлов, "Үздік актриса - 2016" номинациясымен Ғалия Тлеген, "Үздік суретші - 2016" номинациясымен Нысанғали Қаниев марапатталып, Н.Жантөрин атындағы сыйлыққа және ақшалай сертификатқа ие болды. Аталған жеңімпаздарға шығармашылық табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!

Жарияланған күні: 27 наурыз 2016
Оқылған саны: 8240



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>