Біздің Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XХIV республикалық Қазақстанның драма театрларының фестивалі өз мәресіне келіп жетті. 
Аталған фестивальге біздің театрдың шығармашылық ұжымы Уильям Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысқан болатын. 
Қазылар алқасының шығарған қорытындысы бойынша, У.Шекспирдің «Гамлет» спектакліндегі Гамлет ролі үшін театрымыздың актері, ҚР мәдениет саласының үздігі Кенжебек Башаров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды. Қойылымның қоюшы режиссері: театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Мерғалиева Гүлсина Бакаджанқызы. 
Әріптесімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да көрермендерін жаңа ролдерімен және образдарымен қуанта беруіне тілестеспіз. Бұл - Кенжебек Башаровтың және осы уақытқа дейін аянбай еңбек еткен барша театр ұжымының жетістігі.  

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 22592



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>