Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалі

Құрметті Ертіс бойында орналасқан әсем қала Семейдің тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 20-25 күндері Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, қазақ өнерінің анасы атанған Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалі бағдарламасы аясында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры қыркүйектің 24-ші жұлдызында, сағат 11:00-де Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры сахнасында сіздерді Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» реквиемін көруге шақырамыз!

Әлихан Бөкейханұлындай Алаш ардақтысы, елімізді еркіндікке жетелеген ірі тұлғаның сахналық бейнесін жасаған театрымыздың дарынды актері «Күләш», «Кәусар», «Қыз жолы», «Өгей жүрек», «Балуан Шолақ», «Tar zaman» фильмдері арқылы танымал актер Медғат Өмірәлиев пен ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының роліндегі Кенжебек Башаровтың тебіреніске толы ойындарын тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар!

24.09.2019

11.00

КІРУ ТЕГІН

Семей, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында жүздескенше қымбатты көрермен! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 5404



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>