Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!

Сәуірдің 6-9 күндері Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының сахнасында өнер көрсеттік. 
Атап айтсақ, 6 сәуір күні, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухын әспеттейтін реквием жанрындағы Н. Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» спектаклімен гастроль шымылдығын ашып, 7 сәуір күні М.Әуезовтың 125 жылдығына орай жазушының үш әңгімесі желісімен қойылған «Қорғансыздың күні» (режиссері Г.Мирғалиева) спектаклін; 8 сәуір күні – У.Шекспирдың «Гамлет» трагедиясын (режиссері Г.Мирғалиева) және 9 сәуір күні Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» (режиссері Ф.Молдағали) спектаклін көрермен назарына ұсындық. Сондай- ақ, кішкентай көрермендеріміз 7, 8, 9 сәуір күндері «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісін тамашалады. 

Театрымыздың Ақтөбе қаласына келуіне қолдау білдірген Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлына және Ақтөбе облысының әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлына үлкен алғысымды білдіреміз және Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына яғни әріптестерімізге шексіз ризашылығымызды білдіреміз. 


Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 1526



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>