Ақтау қаласында 2 мың адамға арналған жаңа драма театр бой көтереді.

Ақтау қаласында 2 мың адамға арналған жаңа драма театр бой көтереді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім еттік.

«Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып жатқаны белгілі. Қарсы бетінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана бой көтергелі жатыр. Екі ғимараттың ортасынан біздің театрдың жаңа ғимараты да салынғалы жатыр. Қазіргі уақытты жобасы жасақталуда», - деді Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов. Мәлім болғандай, театрдың үш залы болады. Олардың бірі – 2 мың, екіншісі – 320 және үшінші – эксперименталды залы 120 орынға есептелген. Эксперименталды залда көрермендердің қатысуымен ойналатын спектакльдер сахналанбақ.

«Бізде де ондай спектальдер қойылды. Бүгінгі емес, ертеңгі көрермендерді қанағаттандыратын үлкен ғимарат болады. Сондай-ақ тек музей, кітапхана, сахна емес, барлық қала тұрғындары демалатын үлкен демалыс орнына айналады деп ойлаймын», - Н.Мұханов.

Толығырақ

https://www.inform.kz/kz/aktauda-2-myn-adamga-arnalgan-drama-teatr-boy-koteredi_a3564348 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 5570



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>