2020 жыл мәдениет саласындағы қызметкерлерге қандай өзгерістер әкеледі?!

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауынан 

"Мәдениет қызметкерлерін қолдау" туралы

Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.

Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.

Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.»

*

Бүгін Маңғыстау облыстық әкімшілігінде ҚР президенті Қ.K.Тоқаетың жолдауын талқыға салуға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актрисасы Сағадат Сейтқожа өз пікірін жеткізді және әрбір мәдениет саласында жұмыс атқарып келе жатқан маманның атынан ризашылығымызді білдірді.

Еске салайық, президент Қ.K.Тоқаев рухани жаңғыру барысында, кітапхана, театр, мәдениет саласында жасайтын барлық қызметкерлердің жалақысын көтеруді бұйрық етті.

Сағадат Сейтқожа:

"Құрметті Серікбай Өтелгенұлы, жиынға қатысушылар! 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын көріп, тыңдап көңіліміз серпіліп, қанаттанып қалдық. ​Өнер адамы жəне жас маман ретінде менi, өзім еңбек ететін мəдениет пен өнер саласының, ана тіліміздің болашағы қатты толғандыратын.

Ойымыздағы осы мəселелерге қатысты нақты  жауаптарды кешегі Жолдаудан алып, көңіліміз марқайып қалдық. Мен өзімнің актрисалық қызметім арқылы осы мақсатқа үлес қоса аламын. Өйткені, біздің театрымыз Халықаралық театр байқауларына өз ана тіліміздегі спектакльдерді апарады.  Президенттің алдағы жылдан бастап мəдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөніндегі тапсырмасы  өмірін осы салаға арнап келе жатқан еңбек ардагерлері мен болашағын туған елдің мəдениеті мен өнерін өркендетумен байланыстыратын барша замандастарымды үлкен қуанышқа бөледі.

Міне, енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен мəдениет пен өнер саласында аз жалақымен көп іс тындырып келе жатқан əріптестеріміздің еңбегіне лайықты ақы төлеу жүзеге асатын болды.

Сонымен қатар, руханият жауынгерлерінің әлеуметтік мәселелері оң шешімін табатындығы – мамандыққа деген зор құрмет.

Бұл сөз жоқ - сала еңбеккерлерінің  көңілін жайландырып,

жаңа жетістіктерге жігерлендіреді!

​Мемлекет саясатына сенеміз!  

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 3511



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>