АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Астана күні қарсаңында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрдың алдына «Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі», «Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы» иегері,  актер, режиссер Нұрмұхан Жантөриннің құрметіне ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, актердің немере інісі Ғариполла Байзақов, үзеңгілес досы әрі Халық артисі Гүлжан Әспетова және көптеген зиялы қауым өкілдері мен қазақ даласына танымал театр әртістері қатысты. Салтанатты шараның басында сөз алған облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы:

«Елбасымыз әрқашан қазақ халқының рухын асқақтату үшін ата-бабаларымыз бен әрбір саладағы ұлы тұлғаларымыз нәсихатталуы керегін айтты. Мына алдарыңызда ашылғалы тұрған ескерткішіміз ұрпаққа мирас болып қалып, келешекке өткен замандағы айбынды істерді танытқалы тұр. Астана күні қарсаңында жасалған бұл да бір үлкен сый деп айтсақ артық емес. Нұрмұхан Сейітахметұлын да кешегі өткен ғасырда сіздердей халқы ұлықтап, биікке шығарса, халық ықыласын жалғастыратын да өздеріңіз! Маңғыстау жұртын қатар келген қос мерекесімен құттықтай отырып, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға саулық тілеймін!» — деп ыстық лебізін жаудырды.

Одан әрі Н. Жантөриннің театрда біріге жұмыс жасап, ел үшін қызмет қылған әріптестері ұлы актер өмірінен сыр шертіп, жиналған жұртшылықты марқайтып тастады.  Нұрмахан Жантөрин сомдаған фильмдерден кішігірім қойылым қойылып, үміт ақтар жас әртістердің көптеп жетіліп келе жатқанына куә болдық. Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң облыс әкімі қатысуымен Астана күніне орай концерттік бағдарлама өтіп, ел мерейін асырып қайтты.

Ескерткіште Нұрмұхан Жантөриннің ой үстінде отырған сәті бейнеленген. Мүсіннің ұзындығы 2 м 7 см, тұғыры гранит тастан жасалған. Жалпы биіктігі 4,5 метр.Ескерткішті дайындауға 3 ай мерзім кеткен. Авторы жергілікті мүсінші Көшер Байғазиев.

 

Мадияр ТӨЛЕУОВ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

7292info.kz

Дата публикации: 9 июля 2018



30 ноября 2018

Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.

17 сентября 2018

Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті

14 сентября 2018

АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

13 сентября 2018

Фестиваль шымылдығын татар театры ашты

13 сентября 2018

ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

9 июля 2018

АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

28 мая 2018

Маңғыстау театрына 15 жыл

23 мая 2018

Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"

4 мая 2018

Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті

27 марта 2018

Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды

9 марта 2018

'ХАН КЕГІ' - халық көңілінен шыққан қойылым

5 марта 2018

«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді

2 марта 2018

МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ

17 ноября 2017

Зрителям Актау представили премьеру спектакля "Продайте мужа"

24 октября 2017

Фестиваль Абиш Алеми открытие 2016 жыл

4 октября 2017

Театр музыки и драмы Н.Жанторина открыл XV сезон спектаклем «AНT»

29 сентября 2017

Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі

29 сентября 2017

В Актау стартовал первый Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран

29 сентября 2017

В Астане состоялся вечер Есенгали Раушанова

29 сентября 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

16 марта 2017

Мангистаусцы празднуют Амал

6 мая 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мая 2016

Медғат Өмірәлиев

20 апреля 2016

Майра Бақбердиева: «Мен көбіне аналар бейнесін сомдаймын»

12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>