Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті

Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында қазақтың қос ақынына арналған қойылымның тұсауы кесілді.

Туынды авторы – жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев.

Режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев театрының режиссері Нұрлан Жұманиязов. Қоюшы суретшісі — ҚР мәдениет қайраткері Гүлнар Канафина.

«Фариза мен Мұқағали» қойылымына дайындық жүріп жатқанын бұған дейін жазғанбыз. Қойылым Мұқағали Мақатаевтың соңғы он күн көлеміндегі емханада өткен өмірі жайында. Фаризаға айтылған сырлар, өмірінің соңына дейінгі жеке басының, халқының теңдігі туралы арпалысы, өзінің ортасымен арпалысы. Фаризаның қолдауы, қайғыруы, жоқтауы, бір-бірін рухани түсінуі, бір-біріне деген үлкен поэтикалық сезімдері баяндалады», — деген болатын спектакль режиссері бізге берген сұхбатында.

Расында тұсаукесерге жиылған халық өткен ғасырға көз жүгіртіп, өмірінің соңғы кезеңіндегі ақын күйіне куә болды.

Ауыр дерт меңдеп, аурухана төсегінде жатқан ақынға поэзия әлеміндегі қарындасы Фариза қолдау білдірді. Санаулы күні қалған Мұқағалидың жанынан табылып, күйзелген сәтінде демеу болды.

Қойылымда жаны үндес ақындардың бір-біріне деген сый-құрметі, достығы, қолдауы суреттелген. Тұсаукесерге келген көпшіліктің спектакльден алған әсерін де сұрап көрдік.

Жұмагүл Абланова, көрермен:

«Мұқағалидың өзімен кездескендей болдым. Мұқағалиды өзім ақын ретінде жақсы көретін болғандықтан шығар. Қойылым өте сәтті шыққан дей аламын. Фариза екеуінің бір-бірін іштей түсінісуі жақсы суреттеліпті. Ер азаматтан дос таппаған ақын батыл қызды әрі қарындасы, әрі қолдаушы серігі ретінде қабылдайды. Ешкімге айта алмаған сырларымен бөліседі. Қос ақынның рухани байланысына куә болып қайттым».

Мәдина Серікқызы, көрермен: 

«Спектакль мен күткеннен әлдеқайда жақсы қойылған. Дегенмен Лашын жеңгемізді де көргім келгені жасырын емес. Премьерасы болады дегенде көз алдыма екі ақынның бір-біріне өлеңмен мұңын айтып, сыр шертіп отырғанын елестетіп едім. Сондықтан мұндағы қосымша бірнеше образ, оқиға қойылымды толықтырып тұрды».

Айта кетейік, туынды мамыр айының 2,4,11 күндері көпшілік назарына ұсынылмақ.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Дата публикации: 4 мая 2018



30 ноября 2018

Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.

17 сентября 2018

Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті

14 сентября 2018

АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

13 сентября 2018

Фестиваль шымылдығын татар театры ашты

13 сентября 2018

ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

9 июля 2018

АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

28 мая 2018

Маңғыстау театрына 15 жыл

23 мая 2018

Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"

4 мая 2018

Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті

27 марта 2018

Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды

9 марта 2018

'ХАН КЕГІ' - халық көңілінен шыққан қойылым

5 марта 2018

«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді

2 марта 2018

МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ

17 ноября 2017

Зрителям Актау представили премьеру спектакля "Продайте мужа"

24 октября 2017

Фестиваль Абиш Алеми открытие 2016 жыл

4 октября 2017

Театр музыки и драмы Н.Жанторина открыл XV сезон спектаклем «AНT»

29 сентября 2017

Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі

29 сентября 2017

В Актау стартовал первый Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран

29 сентября 2017

В Астане состоялся вечер Есенгали Раушанова

29 сентября 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

16 марта 2017

Мангистаусцы празднуют Амал

6 мая 2016

Жас режиссерлердің тәжірибелік зертханасы

5 мая 2016

Медғат Өмірәлиев

20 апреля 2016

Майра Бақбердиева: «Мен көбіне аналар бейнесін сомдаймын»

12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>