Заместитель директора

Тілеу Тохтамурат

(Театр директорының орынбасары)

 

Тілеу Тохтамурат 1982 жылы 19 қаңтарда Моңғолия  Республикасында дүниеге келді. 2006 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясының  актерлік өнер мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2011 жылдан бастап Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әртісі қызметін атқарып келеді. 2017 жылдың қазан айынан бастап театр директорының орынбасары қызметін қоса атқарып келеді.

Т.Тілеу қазіргі таңда өзін театрдағы жетекші әртістердің бірі ретінде танытып қана қоймай, директордың орынбасары ретінде жалпы көпшілік мәселелердің тиімді жолдармен шешілуіне жол ашып келеді. Ол сонымен қатар, 2017 жылы Ақтау қаласында өткен ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған Каспий жағалауы мемлекеттерінің Бірінші халықаралық театр фестивалі кезінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екендігін аңғартып, жұмысқа бейімділігін көрсетті.

Ш.Айтматовтың «Ана –Жер Ана» трагедиясында солдаттың, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» драмасында Айдардың, С.Назарбектің «Ант» драмасында Мәс батырдың, «Ақбөбек» музыкалық драмасында нөкер жігіттің, Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық мелодрамасында баронның, Т.Джуженогулының «Көшкін» драмасында төрағаның, С.Жүсіп «Адам болып өтейін» драмасында Шелохудың, Ә. Кекілбаевтың «Абылайхан» деректі драмасында тарихшының, С.Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» драмасында Ерболдың, Г. Хугаев «Серттесу» драмасында Ки-коның,  Д.Исабековтың «Әпке» драмасында Омардың, Т.Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» комедиясында  Нарболдың, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» трагедиясында Жұмыстастың, А.Камюдың «Калигула» трагедиясында сарай басшысының, М.Мақатаевтың «Қош махаббат» драмасында Ғ.Ғабитовичтің, О,Жанайдаровтың «Жұт» драмасында Ерболдың, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында  тілшінің, З.Зайнуллиннің  «41-ші жылдың келіншектері» драмасында Ғубайдулланың, т.б. негізгі және қосалқы ролдерді сомдап келеді.

Т.Тілеу 2014 жылы – Театрдың директоры Н.Мұхановтың «Адал еңбегі үшін» номинациясымен, 2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның Алғыс хатымен, 2015 жылы  Мәдениет және өнер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен, 2016 жылы «Әбіш Әлемі» Бірінші республикалық театр фестиваліне ат салысқаны үшін мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.





>