Режиссер пластики театра
Зиятова Гюльнара Буважановна
(театрдың пластик режиссері және бас балетмейстері)
Зиятова Гюльнара Буважановна 1976 жылдың 4-ші қазанында Маңғышлак облысы, Шевченко қаласында дүниеге келген.
1984-1994 жылы аралығында орта мектепті бітіргеннен кейін, 1994-1995 жылдары аралығында №23 орта мектептің қосымша курсында мұғалімдік қызметті атқарған.
1995 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясына оқуға түсіп, 2000 жылы «драма режиссері» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы «Лучший танцор города Алматы-96» конкурсында 1 орын жүлдесін иеленді.
1997-1998 жылдары Алматы қаласының «Мен» жастар шығармашылығы фестивалында ұйымдастырушы және режиссер болып қызмет атқарған.
1999 жылы Алматы қаласында «Сорос» қорының қолдауымен ашық аспан астындағы «Амфион» халықаралық фестивалының бас режиссері қызметін атқарды, сонымен бірге Астана қаласында Е. Аманчаевтың «Жәндік адам» туындысы бойынша қойылым режиссері болып қызмет жасады.
1998 жылы София (Болгария) қаласының өнер атқарушылық жазғы академиясында оқыған.
2000-2002 жылдары Ақмола облысында Ш. Хусейнов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында бас балетмейстр болып қызмет атқарған.
2000 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық фестивалының «хореграфиялық жанры» бойынша дипломант атағына ие болды.
2001 жылы мини-коллекция фестивалының «Конвейер» спектаклінің Гран-при жүлдесіне ие болды. Каир (Египет) қаласында эксперименталдық театрының фестивалындағы «Үздік қойылым» номинациясына қатысқан.
2002 жылы Алматы қаласында пластиктер қойылымы бойынша «Тұсау кесер» республикалық фестивалына қатысқан.
2002 жылдың тамыз айынан бері Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында бас балетмейстер болып жұмыс жасайды.
2004 жылы «Шабыт» VII халықаралық фестивалындағы ең үздік сахналық костюмі үшін марапатталды. Қызылорда қаласында өткен республикалық фестивлындағы «38 немесе Қарақұрт» спектакль костюмдері, грим және пластик қойылымдарының авторы болып табылады.
2006 жылы Ақтау қаласында «Каспий достық теңізі» халықаралық фестивалының ұйымдастырушысы, Н.Чинкебаеваның «Аладдиннің сиқырлы шамы», Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Т.Теменовтың «Жолайрық» спектаклдерінде сахна қозғалысы режиссері қызметін атқарды.
2007 жылы Каир (Египет) қаласында эксперименталдық театрының халықаралық фестиваліне қатысып, «Реквием» спектаклінің костюмдері, грим және пластик қойылымдарының авторы болған.
2008 жылы Ақтау қаласында «Каспий достық теңізі» халықаралық фестивалінің режиссері болып қызмет атқарды.
2008-2009 жылдары Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының репертуарындағы Л.Разумовскаяның «Сад без земли» драмасында Ольганың, А.Чеховтың «Скандальные истории» комедиясында Татьяна Алексеевнаның, С.Құдайбергеннің «Перзентхана» драмасында дәрігер-гинеколог Венера Айтбаевнаның, А.Камюдың «Калигула» трагедиясында психологтың ролдерін ойнаған.
Ақтау қаласында «Екі жұлдыз» жобасының режиссеры болып қызмет атқарған.
«В ожидании моря» (режиссері Бахтияр Худойназаров), «Кәусар» (режиссері Гульсина Мергалиева), «Лотерея» (режиссері Дамир Манабай), «Кішкентай» (режиссері Данияр Саламат), «Последняя звезда Біржана» (режиссері Талгат Теменов) атты киноларға түсіп, басты ролдерді ойнады.
2011 жылы жоғары актерлік шеберлігі үшін «Театр өнері» номинациясы бойынша «СЕРПЕР» жастар сыйлығының лауреаты атағымен марапатталды.
2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай, Қазақстан Театр қайраткерлер Одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Справочная информация
Касса: 60-10-04
Общие вопросы: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
События
03 сентября 2018
ІІ Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран, посвященный 90-летию Нурмухана Жантурина
08 августа 2018
ТЕАТРАЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ
06 августа 2018
ФЕСТИВАЛЬ
11 января 2018
Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері
09 ноября 2017
НА СЦЕНЕ ТЕАТРА ДОЛГОЖДАННАЯ КОМЕДИЯ «ПРОДАЙТЕ МУЖА»
28 октября 2017
На сцене театра Нурмухана Жантурина с успехом прошел I Международный театральный фестиваль Прикаспийских стран
04 апреля 2017
ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ