Маңғыстау театрына 15 жыл

Өлкенің киелі өнер ордасы — Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театр 15 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Театр қызметкерлерінің қатысуымен өткен мерекелік шараға өңірге белгілі тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, аймақ басшылары мен облыс халқы куә болды.

Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей  тапсырмасымен ашылған болатын. Содан бері үздік шығармаларды сәтті сахналап, көрермен көңілінен шығып келеді.

Шара «Театр әлемі» фотокөрмесін тамашалаудан басталды. Қалың халық күнде спектакльден көріп жүрген актерлері жайындағы кітапшаларды тамашалап, олардың өмірі мен шығармашылығымен етене танысты

Мерекелік концерт алдында театр қызметкерлері қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Сол арқылы жиналған қауым бұл кеште әртістермен қатар техникалық ұжыммен де танысып қайтты.

Театр тарихы, ашылу кезеңі, бүгінге дейінгі қиындығы мен қызығы жайлы ұжым басшысы Нұрнияз Мұқанов бізге берген сұхбатында айтқан болатын.

15 жыл ішінде облыс театрынан 2 мәрте Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, 3 Серпер жастар сыйлығының лауреаты, 1 Тарлан сыйлығының лауреаты, 1 Құрмет орденінің иегері, мемлекеттік Дарын жастар сыйлығының лауреаты, 6 Мәдениет қайраткері, 2 «Еңлікгүл», 3 «Сахнагер» ұлттық театр жүлдесінің иегерлері, 2  Гран-при, 1-орын, 9 ең үздік режиссура, 7 ең үздік әйел бейнесі, 1 үздік ер адам бейнесі, 2 мәрте көрермен көзайымы, 1 ең үздік сахна костюмі номинацияларының, 2 мәрте Жантөрин атындағы алтын медальдарының  иегерлері шықты.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахилям Абдрахманқызы Машурова мерейтойға Алматыдан ат арытып арнайы келді. Ұжым театр іргетасын қалаған, театр ашылған уақытта драма және музыкалық драма курсынан тәлім берген әртістердің аяулы ұстазына шын жүректен алғыс білдіріп, шапан жапты.

— Мен Маңғыстау жерінде шәкірттеріміздің театр ашып, оны осныдай биік деңгейге көтергеніне, бүгін 15 жылдық мерейтойын тойлап жатқанынан өте қуаныштымын. Мұнда ерекше көңіл күйде қуана-қуана келдім. Кеше ғана тәй-тәй басып келген балаларымыз бүгін үлкен өнер иелеріне айналды. Осы сахнада қаншама спектакльде ойнап, өнерімен сіздердің алдарыңызға шығып, үлкен азамат болғандары мен үшін зор мәртебе, — деп, Рахилям Машурова құттықтауын айтып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының және оның ректоры Бибігүл Нұрғалиқызының сәлемін жеткізді.

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтау лебізін білдіріп, ұжымға автобус кілтін табыстады.

Кеш соңында театр әртістеріне Алғыс хат, сондай-ақ шығармашылық және техникалық қызметкерлерге ақшалай сыйақы сертификаттары берілді.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

 

Дата публикации: 0



6 апреля 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 апреля 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 ноября 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 февраля 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>