Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер
Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры таяуда өз көрерменін жаңа қойылымдармен қуантты. Қоюшы режиссерлер Рим империясын билеген императордың өмірін баяндайтын «Калигула» пьесасы мен Дулат Исабековтың «Әпке» атты драмалық шығармасын ұсынған еді.
«Калигула» пьесасында қоюшы режиссер Гүлсина Мерғалиева Гай Юлий Цезарь Август Германик билеген тұсындағы Рим империясын көрсетуді мақсат тұтқан болса, «Әпке» шығармасының қоюшы режиссері Марат Абай-Ділдә әйел адамның туған бауырлары үшін бақыттан бас тартып, ақыр аяғында жалғыз қалатыны жөнінде баяндайды.
Театр әртістері әсіресе бар күшін Альбер Камюдің сценарийімен жазылған тарихи қойылымға салғаны байқалды. Осы тұста «Калигулада» императордың ғашығы Цезонияның рөлін сомдаған Құралай Мырзалинова өз ойымен бөлісті: «Калигула сүйген жары қаза тапқанда мүлдем басқа адамға айналып, жан-жағында болып жатқан жағдайларға, халқына, империясына деген көзқарасы өзгереді. Сол қиын сәтте жанында демеу болатын менің кейіпкерім – Цезония. Ол Калигуланың ғашығы, ақылшысы әрі анасы ретінде қасында жүретін сенімді серік. Кейіпкерім өте қиын жан. Оны толық түсіну үшін өмірбаянын зерттеп, ізденуге тура келді. Бұл рөл менің бұрынғы кейіпкерлеріме ұқсамайды. Тарихи қойылымдағы Томиристің, «Күтпеген махаббаттағы» Татьянаның, «Ғашықсыз ғасырдағы» Фариданың кейіпкерлері өзінің қайталанбас бейнелерімен ерекшеленетін. Ал императорға өлердей ғашық Цезония мүлдем олардан өзгеше. Рөлге ене алсам да, кейіпкерімнің ішкі толқынысын ұғыну маған қиынға соқты. Тек мен емес, басқа актерлер де кейіпкерлерін түсінуге барынша тырысқан сынды. Осы қойылымды көрермен алдында жақсы деңгейде ұсыну үшін біз күн сайын дайындалдық»,-деді ол.
Екінші жаңа қойылым - Дулат Исабековтың «Әпке» атты туындысын сахналауға 10 әртіс атсалысады екен. Оған дайындық 2 апта бұрын басталған. «Маған режиссерлер көбінесе ананың рөлдерін береді. Мысалы, «Ақбөбекте» Ақбөбектің анасы Сантөре, «Сыған Серенадасында» Шәмшінің анасы, «Қыз жібекте» Төлегеннің анасы және «Адам болып өтейінде» Найман ананы ойнағанмын. Осы қойылымда да туған бауырларыма анасының орнын басқан әпкенің рөлін сомдаймын. Кейіпкерім жақын адамдары үшін өз бақытынан бас тартады. Өйткені, ол анасына бауырлары аяққа тұрмағанша қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып өсіретініне ант еткен. Бұл қойылымның тақырыбы – әйелдің жалғыздығы. Көрерменге әпкенің жан дүниесіндегі жалғыздығын көрсету – спектакльдің басты мақсаты»,-деді Айнара Жансейітова.
Қазір театрдың қоржынында 40-тан астам қойылым бар. Енді олардың қатарына «Калигула» мен «Әпке» қойылымдары қосылды. Рухани азыққа шөлдеген Маңғыстаудың өнер сүйер жұрты енді жаңа көрсетілімдерді 21 мен 26 ақпанда тамашалай алады.
Ханым ҚУАТ
6 апреля 2016
Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер
5 апреля 2016
Сахна сәні – Бану Манкеева
18 ноября 2015
До свидания, фестиваль, до новых встреч!
26 февраля 2013
«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны
Справочная информация
Касса: 60-10-04
Общие вопросы: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
События
24 февраля 2017
АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!
14 декабря 2016
Құрметті Қазақстандықтар!
14 декабря 2016
Жаңа жыл.
06 декабря 2016
Әбіш әлемі фестивалі басталды
30 ноября 2016
Памятка населению по предупреждению актов терроризма
25 ноября 2016
«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі
23 сентября 2016
Уважаемые зрители театра!