Тілеген Ғалия
Тілеген Ғалия
(кино және театр әртісі)
Тілеген Ғалия 1981 жылдың 15-ші мамырында Манғолия республикасы Улан – Батыр қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «кино және театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты. 2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әртісі.
Ол 20-дан аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер. Сахналық қойылымдар ішінде комедия жанрында тамаша ойнайтын дарынды да талантты өнер иесі.
Әсіресе, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасында Дина, Т.Әліпбаевтың «Томирис» драмасында Жолбарыс, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында Сатты, С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» драмасында Айнұр, Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасында Дина, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасында Ләйлә, Г.Хугаевтың «Көршілер» комедиясында Көшер , М.Абай-ділдәнің «Тақиялы ботақан» балалар ертегісінде Балапан, М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясында Ғазиза, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Сағима, Д.Исабековтың «Әпке» драмасында Назила, Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Жарбол, З.Зейнуллиннің «41–ші жылдың келіншектері» драмасында Райхан, Ж.Мольердің «Тартюф» комедиясында Марианна, У.Шекспирдің «Ромео Джульетта» трагедиясында емшек шешесі, Т.Джюдженоглуның «Көшкін» драмасында жас келін, Г.Хугаевтың «Серттесу» драмасында Қосүрей және т.б. сомдаған рөлдері көрерменнің жүрегінен орын тапты.
Қызмет еткен жылдары ішінде Галяның театр өнерін дамытуға қосқан үлестері талай рет мадақталып, 2004 жылы Мәдениет басқармасының «Актерлік шеберлігі үшін» Алғыс хатымен, 2008 жылы театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Н. Мұхановтың «Жылдың үздік актері» номинациясымен, 2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай, театрдың «Алғыс хатымен», 2014 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасымен», 2016 жылдың 27 наурызы күні Халықаралық театр күні мерекесіне орай театр директорының «Үздік актриса – 2016» номинациясымен марапатталды.
Справочная информация
Касса: 60-10-04
Общие вопросы: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
События
24 февраля 2017
АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!
14 декабря 2016
Құрметті Қазақстандықтар!
14 декабря 2016
Жаңа жыл.
06 декабря 2016
Әбіш әлемі фестивалі басталды
30 ноября 2016
Памятка населению по предупреждению актов терроризма
25 ноября 2016
«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі
23 сентября 2016
Уважаемые зрители театра!