Тастаев Айдос

 

Тастаев Айдос Нурбаулиевич

( театр және кино әртісі )

Тастаев Айдос Нурбаулиевич 1979 жылы 23 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1999 жылы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «кино және театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты. 2003 жылдан бері Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әртісі.

Тастаев Айдос тенор  кең жауырынды, батыр тұлғалы актер.  Әр роліне жауапкершілікпен қарайды. Тарихи қойылымдардағы хан, төре, би образдарының өзегін тауып, сөз астарын аша біледі. Ішкі және сыртқы органикасы үйлесім тауып, рольдерін жақсы сомдайды. Оның дауыс ырғағы, сахналық келбеті, роль бейнелеудегі ізденісі, пластикалық икемділігін  жоғары. Кез-келген образды өз деңгейінде шығара алады. Кейіпкерлері хан, төре, би, сал-сері, бозбала және т.б. болсын, Айдос әрқайсысын өз жасына, өз ортасына сай етіп бейнелейді. Дайындық кезінде сөз астарына тереңнен үңіледі. Қоңыр дауысымен әр монологын, әр сөйлемін күмбірлете төгілтіп, сахнаны өз еркіне баурай алады. Актерлық «багажы» мол, жанрды сезіне біледі. Шеберлігін арттыруда талмай еңбек етеді. Сыншылар мен көрермендер тарапынан үнемі жылы лебіз бен жоғары марапатқа ие болып келеді.

Айдос Нурбаулиевич 30-дан аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер. Ол сомдаған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» трагедиясындағы Айдардың, «Қыз Жібек» трагедиясындағы Төлегеннің, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясындағы Капуляттидің, Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» мюзикліндегі Густавтың, Б.Беделханұлының «Махамбет» драмасындағы Қарауылқожаның, Т.Әліпбаев «Томирис» драмасындағы Қабағанның, С.Ахмадтың  «Келіндер көтерілісі» комедиясындағы Мамырдың, С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» фантасмагориялық драмасындағы Сұлтанғали бидің, Р.Кунидің «Он она окно покойник» комедиясындағы Ричардтың, Т.Нұрмағанбет «Бес бойдаққа  бір той» комедиясындағы Нарболдың, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасындағы Жаханның,  Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасындағы Зарқымбектің, З.Зайнуллиннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасындағы Шәңгерейдің, С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасындағы Барғайдың, С.Құдайбергеннің «Перзентхана» драмасындағы Нұрлан Амангелдиевичтің, Т.Теменовтың «Жолайрық» драмасындағы Қайыржанның, Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» документалдық драмасындағы Дәулетбай Тарихшының, т.б. рольдері театр сахнасында өшпестей із қалдырды.

  Айдостың қазақы театр өнеріне қосқан үлесі басшылық тарапынан ескеріліп, 2010 жылы театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Н.Мұхановтың «Адал еңбегі үшін» Алғыс хатымен, 2013 жылы театрдың 10 жылдық мерекесіне орай  облыс әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен, 2015 жылы 21 мамыр – Мәдениет және өнер күні мерекесіне орай Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен, 2016 жылы 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай Театр қайраткерлер Одағының Құрмет грамотасымен марапатталған.





12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>