Бейсенбина Анар
Бейсенбина Анар - труппа меңгерушісі
Бейсенбина Анар Қазыбаевна
(театр және кино әртісі)
Бейсенбина Анар Қазыбаевна 30.05.1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық-драма театр әртісі» мамандығын бітіріп шықты. 2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының жетекші, әрі шебер әртісі.
Анар Бейсенбина дауысы мецо сопрано, сұңғақ әдемі ат жақты европалық пішінді қазақы актриса, өте дарынды, талантты өнер иесі. Актриса сахнадағы өзіне тән ерекшелігімен шетел драматургиясындағы кейіпкерлердің ұлттық ерекшелігін, мінез-құлық болмыстарын ашуда көп ізденетін еңбекқор. Әр ісіне тиянақты.
Анар Бейсенбина труппа меңгерушісі қызметін атқара бастаған алғашқы күннен бастап берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті. Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты көрсете біледі. Сырт келбеті ұқыпты, ұжымда жоғары құрметке ие. Мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральді жағынан ұстамды. Оперативтік жұмыста біліктілік мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатады. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Қала, облыс, республика көлеміндегі көптеген қоғамдық шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. 2015 жылы білім жетілдіру мақсатында Астана қаласы Максим Горкий театрында труппа меңгерушісі маманы бойынша курстан өттіп келді.
Ол 20-дан аса рөлдерді сомдайды, оның басым бөлігі басты рөлдер. Анардың Н.Птушкинаның «Күтпеген махаббат» комедиясындағы Софья Ивановнаның, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» драмасындағы Дәметкеннің, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз - Жібек» трагедиясындағы Батсайының, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясындағы Бостанның, С.Назарбекұлының «Ақбөбек» музыкалық драмасындағы әнші қыздың, Т.Джюдженоглудың «Көшкін» драмасындағы Кіндік шешенің, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» трагедиясындағы Күнекейдің, С.Құдайбергеннің «Перзентхана» драмасындағы Зина апайдың және Айманның, Ф.Эрвенің «Айлакер ару» музыкалық комедиясындағы Әкім әйелдің, З.Зейнулиннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасындағы Садрикамалдың, Ы.Сапарбай «Сыған серенадасы» музыкалық драмасындағы Баранессаның, А.Володиннің «Қос жебе» драмасындағы Кейуананың, М.Әуезов, С.Цвейктің «Зілзала» трагедиясындағы Бақсының, Дарио Фоның «Свободная пара» трагифарсындағы Онаның, Ж.Мольердің «Тартюф» комедиясындағы Маринаның, С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» фантасмагориялық драмасындағы Фатиманың, Р.Кунидің «Он, Она, окно, покойник» комедиясындағы Глэйдистің, т.б. ойнаған рольдері көрермен мен сыншылар қауымының зор ықыласы мен жылы пікіріне ие болып келеді.
Анар Казыбаевнаның театр қызметінде сіңірген көп жылдық еңбектері ескеріліп, 2008 жылы театр директоры Н.Мұхановтың Мадақтама грамотасымен және Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының «Өнер жолындағы ерекше еңбегі үшін» алғыс хатымен, 2013 жылы облыс әкімі А.Айдарбаевтың Құрмет грамотасымен, 2014 жылы Н.Мұхановтың «Театр тірегі» номинациясымен, 2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай Қазақстан театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Справочная информация
Касса: 60-10-04
Общие вопросы: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
События
24 февраля 2017
АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!
14 декабря 2016
Құрметті Қазақстандықтар!
14 декабря 2016
Жаңа жыл.
06 декабря 2016
Әбіш әлемі фестивалі басталды
30 ноября 2016
Памятка населению по предупреждению актов терроризма
25 ноября 2016
«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі
23 сентября 2016
Уважаемые зрители театра!