Сәрсен Сүндет

  

Сәрсен Сүндет Жетекұлы

(театр және кино әртісі)

Сәрсен Сүндет Жетекұлы 1985 жылы 26-шы мамырда  Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2002 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2006 жылы «драма театрының актері» мамандығы бойынша  бітіріп шықты. 2006 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында  әртіс қызметін атқарады.

Сәрсен Сүндет  даусы баритон, мәдениетті, актерлік потенциалы жоғары,  кең диапазонды, қоңыр дауысты, батыр тұлғалы актер. Әр роліне жауапкершілікпен қарайды. Рольдерін  өз жанрында көрсетуге тырысады. Тарихи қойылымдардағы хан, төре, би образдарының өзегін тауып, сөз астарын аша біледі. Ішкі және сыртқы органикасы үйлесім тауып, рольдері жоғары деңгейде ойнайды. Театрдың талантты әртісі бүгінгі күнге дейін бірнеше қойылымдардың басты рөлдерін ойнайды.

Дарынды өнер иесінің театрда қызмет еткен жылдары ішінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясындағы Қодардың, «Қыз Жібек» трагедиясындағы Бекежанның, У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясындағы Книяздың, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясындағы Асқардың, Т.Әліпбаевтың «Томирис» драмасындағы Орда басының, С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасындағы Шилохуның, О.Хугаевтың «Көршілер» комедиясындағы Андроның, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасындағы Кедей батырдың, Р.Кунидің «Он, она, окно, покойник» комедиясындағы Управляющийдің, М.Қасеновтің «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясындағы Есеттің, З.Зейнуллиннің «41–ші жылдың келіншектері» драмасындағы Ғұбайдулланың, О.Жанайдаровтың «Жұт» драмасындағы Ерболдың, А.Камюдің «Калигула» трагедиясындағы Сенатордың, М.Мақатаев «Қош махаббат» драмасындағы Ғ.Ғабитовичтің, Г.Хугаев «Серттесу» драмасындағы Қортықтың, Н.Мұханов, С.Назарбекұлының «АНТ» фантасмогориялық драмасындағы түркменнің, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» драмасындағы Русланның, А.Володин «Қос жебе» драмасындағы Жау соғардың, Т.Жуженеғұлының «Көшкін» драмасындағы төрағаның, Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» документальдық драмасындағы Әбілмамбет тарихшының және т.б. сомдаған рольдері көрерменінің көзайымына айналып келеді.

Сәрсен Сүндеттің атқарған елеулі еңбегі басшылық тарапынан ескеріліп, 2010 жылы театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Н.Мұхановтың алғыс хатымен, 2011 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен, 2013 жылы Б.Базарбаевтың театрдың 10 жылдық мерекесіне орай Алғыс хатымен, 2015 жылы Мәдениет және өнер күні мерекесіне орай мәдениет басқармасының  Алғыс хатымен, 2016 жылы Мәдениет және өнер күніне орай облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған.





12
>