Балхиева Сәния

 

Балхиева Сания Абдыхановна

(театр және кино әртісі)

Балхиева Сания Абдыхановна 1981 жылы 30-шы қаңтарда  Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2003 жылы «драма театрының актері» мамандығы бойынша  бітіріп шықты. 2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында  әртіс қызметін атқарады.

Балхиева Сания – салмақты, тәртіпті және жарқын жүзді актерлердің бірі. Әр роліне жауапкершілікпен қарайды. Рольдерін  өз жанрында көрсетуге тырысады. Ішкі және сыртқы органикасы үйлесім тауып, рольдері жоғары деңгейде ойнайды. Қызметтік қажеттіліктерге байланысты жедел қосалқы рольдерді шығару шеберлігі басым. Театрдың шығармашылық әлеуетіне қатысты көптеген мәселелерді және репертуар жоспарларын талқылауға қатысады. Талантты актриса бүгінгі күнге дейін бірнеше қойылымдардың негізгі және қосалқы рөлдерін ойнайды.

Дарынды өнер иесі С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясындағы Мухоеның, С.Назарбектің «Ақбөбек» музыкалық драмасындағы Қайыптың қарындасының, Т.Әбдіковтің «Бір түп алма ағашы» драмасындағы Ләйләнің, С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» драмасындағы және С.Назарбекұлының «АНТ» фантасмогориялық драмасындағы көпшіліктің, М.Қасеновтің «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясындағы Зәурештің, У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясындағы монах қызының, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясындағы Мақпалдың, т.б. сомдаған рольдері көрерменінің көзайымына айналып келеді.

Ол – болашағы зор және бай потенциальды актриса.

 





12
>