Репертуар: Қозы Көрпеш Баян сұлу
Жанр: 2 бөлімді трагедия
Автор: Ғ.Мүсірепов
Реж: Г. Мирғалиева
Ғабит Мүсірепов
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу спектаклінің негізгі идеясы – адал махаббаты дәріптеу. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Бұл пьеса Қазақстан театрларының барлығында қойылып, ұлтық салт-дәстүр, киім үлгісін дәріптейтін қойылым ретінде көрерменге таныс.
Ал режиссер Гүлсина Мерғалиева дәстүрлі режиссерлық шешімдерден алшақтап, трагедияны мүлдем өзгеше трактовкамен, қазіргі қоғамның психологиясына сай етіп сахналады. Бұл спектакльде басты рольге Жантықты шығарды. Себебі, Жантық өзінің ішкі есебін билікке, мансапқа жету тәсілдерін Қарабай мен Қодарды, Қозы Көрпешті бір-біріне қарсы қойып, араға бүлік сала отырып өз мақсатына жетуді көздеді.
Қойылымға рок әуендері, әуенге сәйкес әр кейіпкердің киген киімі сол адамның мінез-құлқы, ішкі жан дүниесінен хабар береді. Спектакльде қазіргі қоғам бейнеленген.
Қоюшы режиссері:
Гүлсина Мерғалиева
«ТАРЛАН» сыйлығының лауреаты,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретшісі:
Гүлнар Қанафина
ҚР мәдениет қайраткері
Жанры: трагедия
Қойылым ұзақтығы: 1сағат 40 минут
Премьерасы: 2012 жыл 11сәуір
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
31 мамыр 2023
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси куғын-сүргін құрбандардын еске алу күні.
20 мамыр 2023
Мұрат Қожаның концерті өтті
19 мамыр 2023
Театрымыздың бірқатар азаматтары мен азаматшалары марапатталды
17 мамыр 2023
“Сүйем сені, Театрым!” атты мерекелік концерті өткізілді.
17 мамыр 2023
«Жантөринше Жаңғыру!» атты республикалық ғылыми-шығармашылық конференция өтті
16 мамыр 2023
Театрдың 20 жылдығына еліміздің әр облысынан қонақтар ұшып келді
12 мамыр 2023
Х.Бөкеева атындағы Орал театры Ақтауда!