"Әбіш әлемі" фестивалі басталды
Бүгін "Әбіш әлемі" фестивлі басталды. Фестивальдің алғашқы күні Әбіш Кекілбайұлының "Абылай хан" драмалық дастаны санханаланды. Бұл туындыны - Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы театр ұжымы көрерменге ұсынды. Олар пьеса желісіне жаңашылдық енгізген. Хан Абылай мен оның айналасындағылар сахнаға шапан, ішікпен ғана емес бүгінгі күнгі киім үлгісімен де шығады. Ұжым - Әбіш Кекілбаевтың шығармасындағы кейіпкерлерің кешегісі мен бүгінін осылай тоғыстырмақ болған.
Сұрапыл заман. Жан-жақтан анталаған жау. Жерге көз тіккен қалмақтар мен қытайлар. Бұл қазақ халқының 18 ғасырдағы көрінісі. Хан Абылай оқиғаның ортасында. Пьесада Абылайдың алғаш таққа отыруы, Абылай ханның саяси мұраттастары мен қарсыластарының бет-бейнесі айқындалады.
Құспан Бержанов - көрермен
Бүгінгі қойылым өзгеше болды. Халық, әсіресе жастар көп жиналды. Бұған біз қуанамыз. Артымыздан өсіп келе жатқан жастардың осындай ынта менен тарихқа қарап Абылайдың қойылымына көп келуі қуантады. Қойылым жақсы өтті.
Шығарма кейіпкерлерінің бәрі де қазіргі заманға сай киінген. Қимыл-қозғалыстары да дәп бүгінгі күндегідей. Бұл пьесаның жаңа қыры. Мұнда Абылайдың көрінісімен қатар, ол туралы тарихшылар пікірі де кірістірілген. 1 жарым сағаттық қойылым бір шығарманың желісі. Бірақ, бірнеше кезеңді қамтыған. Бұл пьесаның тағы бір ерекшелігі, қойылымда тек ер азаматтар ойнайды.
Нұркен Өтеуілов - ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Спектакльдің жаңашылдығы қазіргі сәттер мен сол кездегі тарихи замандарды байланыстыру арқылы керемет жеткізген режиссер. скл Халыққа жақын сол жердегі идеясын, Абылайдың ойын, Әбіш ағаның жазуы бойынша өзінің арманын Абылайдың тұлғасымен жеткізген.
"Абылай хан" сахналық дастаны - қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туынды. Тарихи мәні зор шығарма ғасырлар бойғы халық аңсаған тәулсіздікті сахналады. Көрерменді тұнып тұрған бай тілмен сусындатты. Фестиваль шымылдығы "Абылай хан" спектакльімен ашылуының үлкен мәні осы.
http://mangystautv.kz/kz/news/culture/ebish-elemi-festivali-bastaldy
Оқылған саны: 7504
28 маусым 2019
XVI маусым музыкалық-драма жанрындағы "Ақбөбек" қойылымымен аяқталды.
18 қараша 2018
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс
18 қараша 2018
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс
18 қараша 2018
Н.Жантөрин атындағы музыкалық драмалық театрының жаңа жылға арнап жасаған компанияларға ұсыныс
3 қыркүйек 2018
Каспий жағалауы елдерінің Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған ІІ Халықаралық театр фестивалінің бағдарламасы
15 тамыз 2018
Құрметті маңғыстаулықтар және қонақтар!
5 тамыз 2018
ФЕСТИВАЛЬ
11 қаңтар 2018
Н.Жантөрин театры 2017 жыл жаңалықтары мен жетістіктері
7 қараша 2017
КӨПТЕН КҮТКЕН ПРЕМЬЕРА! «АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»
24 қазан 2017
Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті
24 қазан 2017
Нұрмұхан Жантөрин театрының киелі сахнасында Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі өтті
17 тамыз 2017
КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІНІҢ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ!
17 маусым 2017
ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫ "САХНАДАН СӘЛЕМ" ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.
19 мамыр 2017
Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді
17 мамыр 2017
Сабыр Адайдың шығармашылық кеші "Алтынзер".
2 мамыр 2017
Маңғыстау театры Трабзоннан табысты оралды.
4 сәуір 2017
ЖАНТӨРИН ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАЙ БЕРЕДІ
16 наурыз 2017
ЖАНТӨРИН "ГАМЛЕТПЕН" ТРАБЗОНҒА БАРАДЫ!
24 ақпан 2017
АСТАНА, АЛМАТЫДАН СОҢ АҚТАУ ТЕАТРЫ республика театрлары арасында үшінші орында тұр!
14 ақпан 2017
Ұлым, саған айтам...
29 желтоқсан 2016
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
14 желтоқсан 2016
Құрметті Қазақстандықтар!
14 желтоқсан 2016
Жаңа жыл.
6 желтоқсан 2016
"Әбіш әлемі" фестивалі басталды
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн